Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Нұрлы жер» бағдарламасы: жаңа тұрғын үйлер - АРҚА АЖАРЫ

«Нұрлы жер» бағдарламасы: жаңа тұрғын үйлер

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жұмыспен қамту және әлеуметтік әлжуаз топтарды қорғау бағытындағы өңірлік партиялық жетекшілік кеңесінің кезекті отырысында тұрғындардың осындай топтарын баспанамен қамтамасыз ету, еңбек заңдылықтарын қоғамдық бақылау мен ұжымдық келісім-шарт туралы мәселелер талқыланды.

Облыстық мәслихаттың депутаты Елена Мащинскаяның басшылығымен өткен мәжіліске «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Елбасының тапсырмасына сай, тұрғын үй құрылысын жандандыру бағытындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы қабылданып, жұмыс істеуде. Аталмыш бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – әлеуметтік әлжуаз топтар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үйлер салып қор құру. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Амангелді Смайылов осы бағдарлама шеңберінде атқарылатын жұмыстар жайында баяндап берді. Жалпы алаңы 65 шаршы метрден аспайтын мұндай пәтерлердің бір шаршы метрі 140 мың теңгеден белгіленген. Біздің облысымызда құны 2112,2 миллион теңгені құрайтын  10 жоба қабылданған. Сегіз тұрғын үй Көкшетау қаласында салынса, қалған екеуі Жақсы және Аршалы аудандарында бой көтермек.  Биылғы жылы белгіленген он тұрғын үйдің бесеуі салынып, пайдалануға берілетін болады. Соның нәтижесінде жалпы ауқымы 8,6 мың шаршы метрді құрайтын 183 пәтер пайдалануға беріледі деп күтілуде. Соңғы үш жылдың көлемінде әлеуметтік әлжуаз топтарға арналған тұрғын үй кезегінде тұрғандардың елуі ғана баспаналы болғандығын ескерсек, бір жылда 183 отбасының қоныс тойларын тойлайтыны қуанышты жай.  Құрылыс басқармасы басшысының айтуынша, аталмыш бағдарлама шеңберінде алдағы жылдарда жыл сайын орта есеппен осы топтағы 180 отбасы  баспаналы болмақ.
Бұдан әрі Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің  жетекшісі Ермек Қарағаев жоғарыда аталған бағдарламаға сай салынатын үйлерден баспана алу шарттары жа-
йында баяндап берді. Сатып алу құқығынсыз өмір бойы жалға берілетін мұндай үйлерді әлеуметтік әлжуаз топқа жататын азаматтар ғана алады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сай, әлеуметтік әлжуаз топқа жататын адамдар 12 дәрежеге сай жіктелген. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, 1 және 2 топтағы мүгедектер, созылмалы ауыр дертпен науқастанғандар, оралмандар, толық емес отбасылары және басқалар бар. 2016 жылдың қаңтарында әлеуметтік әлжуаз топқа жататын 7861 адам тұрғын үй алу кезегінде тұрған. Олардың  701-і асыраушысыз қалған отбасылары мен ата-ана қамқорлығынсыз өскендер болса, 2934-і әлеуметтік әлжуаз топқа жатады. Ал, биылғы жылдың қаңтарында осындай санаттағы тұрғын үй алу кезегінде тұрғандар саны 9329 болған. Сөйтіп, баспана алу кезегінде тұрғандар қатары өткен жылмен салыстырғанда екі мыңнан астам адамға өскен. Осыған орай, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үй алуға ниеттілердің аз болмайтындығы анық. Өмір бойына жалға берілетін мұндай пәтерлер үшін шаршы метріне жүз теңге көлемінде төлемақы белгіленген. Яғни, бұл әлеуметтік әлжуаз топтар үшін мемлекет тарапынан жасалған үлкен жеңілдік десе болады.
Кеңес отырысы одан әрі осы мәселеге арналған Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркинаның басшылығымен өткен селекторлық мәжіліспен жалғасты. Онда өкілетті орган басшылары әлеуметтік әлжуаз топтарды қолдау, еңбек шарттары жайында әңгіме өрбітті және аймақтардағы атқарылып жатқан жұмыстар жайы талқыланды.
Еңбек заңдарының сақталуына қоғамдық бақылау және еңбек шарттарын жасау бағытындағы облысымыздағы атқарылып жатқан шаруалар жайында «Ақмола облыстық кәсіподақтар орталығы» кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі төрағасының орынбасары Ләззат Есжанова
айтып берді. 2015 жылы қабылданған жаңа Еңбек кодексінде  қарапайым еңбек адамдарының құқығын қорғауға қатысты көптеген өзгерістер бар. Солардың бірі ретінде жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы еңбек шарттарын жасау жайын айтуға болады. Мұндай еңбек шарттары еңбек қатынастарын бақылап, еңбек заңдарының сақталуын қадағалауға игі ықпалын тигізбек. Біздің облысымызда  бүгінгі күнге дейін 5399 еңбек шарты жасалған. Бұл барлық кәсіпорындарға шаққанда 63,5 пайызды құрайды. Өткен жылға қарағанда еңбек шартын жасаушылар қатары өскенмен, жалпы кәсіпорындарға шаққандағы пайыз көрсеткіші төмендеген. Өйткені, биылғы жылы 2016 жылға қарағанда жұмыс істейтін кәсіпорындар қатары біршама өскен. Жаңа Еңбек кодексі шарттарын түсіндіру бағытында кәсіподақтар жергілікті жерлерде түрлі көпшілік шараларын ұйымдастырып, кездесулер өткізіп тұрады.   

Қалкөз Жүсіп.

Суретті түсірген Берік Ескенов.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар