Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен заңсыз балық аулаған Астана қаласының үш тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Олар рұқсатсыз Біржан сал ауданының аумағында орналасқан, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі құрамына кіретін Жөкей көлінде заңсыз 640 келі балық аулап, мемлекетке 9 миллион теңгеден астам ірі залал келтірген.
Жасалған қылмыс ауыр санаттағы қылмыстарға жатады және оған Қылмыстық Кодекстің 335-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша негізгі 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Жазаны тағайындау барысында сотталушылардың өз кінәларын толық мойындаған, болған жайға шын ниетпен өкінулері, қылмыспен келтірілген залалды ерікті түрде өтегендері және асырауларында жас балаларының болуы ескерілмей қоймады.
Сөйтіп, сот үкімімен З.,М. және У.-дың әрқайсысына балық аулау кәсібімен айналысу құқығынан 5 жылға айыра отырып, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолданумен 4 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылды. Олардан қылмыс жасау құралдары мен айғақтар қайық, тор, балық сияқты мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
![]()

