Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірнеше ұжым қамтылды - АРҚА АЖАРЫ

Бірнеше ұжым қамтылды

Облыстық ақпараттық насихат  тобының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов Аршалы ауданында жұмыс сапарымен болды деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ғалым Бекмағамбетов Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған Жолдауын түсіндіруге арналған екі кездесу өткізді. Бірінші кездесу аудан ұстаздарымен өткізілсе, екінші кездесуге №3 Аршалы орта мектебінің және №4 агротехникалық колледжінің ұжымдары мен аудан аумағында орналасқан ЕЦ 166\5 түзеу мекемесінің офицерлері қатысты.
Елбасының Жолдауына орай еңбек ұжымдарының алдында тұрған міндеттер жайында баяндай келе, топ мүшесі билік тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу жайына да тоқталды. Демократиялық даму үдерісі алдымызға қойып отырған бұл саяси реформа биліктің барлық тармақтарына қатысты және  оны жүзеге асыру әлеуметтік-экономикалық дамуымызға да айтарлықтай ықпал ететіні анық. Еліміздің тәуелсіздік алғанына ширек ғасырдан астам уақыт өткен қазіргі жағдайда Елбасы Жолдауында уақыт алдымызға тартып отырған міндеттер түгел қамтылған.
Еліміз өткен кезеңде жаңғыртудың екі кезеңін жүзеге асырды. Жаңғыртудың үшінші кезеңін жүзеге асыру еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағынан серпінді дамуына ықпал етпек. Одан әрі Ғалым Бекмағамбетов аграрлық сектордың дамуына тоқталып, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы қолға алынатын шаралар жайында және оның саланы дамытуға ықпалы туралы жан-жақты айтып берді. Бұл тақырып әсіресе, агротехникалық колледж оқушылары мен ұстаздары үшін қызықты болды. Ал, түзеу мекемесінің жауынгерлері мен офицерлерін Жолдаудағы ел қауіпсіздігі мен жемқорлыққа қарсы күрес жайы қызықтырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар