Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өз үйіміздің өңі өзімізге байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн - АРҚА АЖАРЫ

Өз үйіміздің өңі өзімізге байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн

Аудан әкімі Ермек Нұғымановтың қатысуымен өткен қоғамдық кеңестің отырысы аудан орталығындағы тұрғын үйлердің көптен қордаланып қалған  мәселелерін шешуге арналды.

Кеңес мүшелері мен қала тұрғындары бас қосқан жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолау-шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ирина Воробьева кондоминимум нысандарының тізімі, көп қабатты үйлердің қазіргі жағдайы, пәтер иелері кооперативі мен олардың қызмет көрсету деңгейі жөнінде хабарлама жасады.
– Аудан орталығында 124 көп қабатты тұрғын үй бар. Кейбір тұрғын үйлердің төбесінен тамшы ағады, инженерлік жүйесі мен электр желілері әбден тозған. Жертөлелері қоқысқа толы. Тұрғындардың өздері қаржы жинап қарекет етпесе, бұл мәселелерді  шешу қиын.  Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін алдымен, тұрғын үй кондоминимум нысаны ретінде тіркелуі қажет. Кейін техникалық паспорты мен жер актісі рәсімделеді, – дейді бас маман.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, кондоминимум нысанын тіркеу ережелері түсіндірілді. Биылғы жылы техникалық пас-порт дайындауға бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Бірқатар көп қабатты үйдің тұрғындарынан өтінім түсті. Жер актісін тұрғындар өз қаржысымен рәсімдейді. Жиын барысында кондоминимумын тіркеткен, инженерлік жүйесін жөндеген көп қабатты тұрғын үй үлгі-өнеге ретінде көрсетілді. Жекеменшіктегі көп қабатты тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын тұрғындар өз қаражаттарына жүргізген.
Көп қабатты үй тұрғындарының жер актісін алу, төбе мен жылу жүйесін жөндеу және өзге де мәселелер жөніндегі сауалдарына қоғамдық кеңестің мүшесі, «Теплосервис» кәсіпорнының заңгері Серік Ақылбеков «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң аясында жауап берді. Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап коммуналдық кәсіпорындар өз құзырына кірмейтін қызметті көрсетпейді. Бұл қызметті көп қабатты тұрғын үйдің пәтер иелері кооперативі атқаратын болды. Үй жөндеуге жиналған қаржы тиімді жұмсалуы тиіс. Пәтер иелері кооперативінің төрағасы сапасыз жөндеу жүргізген мердігерді сотқа бере алады. Сондай-ақ, ортақ мәселені шешуге атсалыспайтын пәтер иелері ендігі арада жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Осы орайда, «Ерейментау-2005» серіктестігінің директоры Темірболат Оразақов, «Жұлдыз Ереймен» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Юрий Верховец өз пікірлерін білдірді. Қатысушылар заңды кооператив құрып, ортақ мәселені шешуге барлық тұрғындардың қатысуын қолдады. Жүздесуді қорытындылаған аудан әкімі Елордамен шектесетін аудан орталығының ажары әсем, тіршілігі үлгілі болуы қажеттігін атап көрсетті.
Раушан БАРЖАҚСЫ.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар