БƏРЕКЕЛДІ!
Аудан орталығы Қорғалжын ауылында «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған жаңа заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
Салтанатты рәсімге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан Бокс федерациясының бас хатшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Мерей Ақшалов және Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қатысты.
Спорт кешенінің аумағы 1,16 гектарды алып жатыр. Ғимараттың өзі 2102 шаршы метрді құрайды. Ыңғайлы, барлық тиісті талаптарға сай спорт кешенінде бір мезгілде 80 адам спортпен шұғылдана алады. Мұнда олар күрес, бокс, баскетбол, волейбол сияқты спорт түрлерімен шұғылданады. Сондай-ақ, кешенде жаттығу залдары, жуынатын бөлмелер және шкафтармен жабдықталған шешіну бөлмелері бар. Кешен аумағында спортшылар шағын футбол алаңында жазғы спорт түрлерімен шұғылданып, воркаут-алаңда жаттыға алады. Осы жерде аудандық спорт мектебі жұмыс істейді, онда 15 жаттықтырушы болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттау ұлт саулығын нығайту үшін қажет екенін дәріптейді. Бұл спорт нысаны ауыл тұрғындары мен жастарының өміріндегі инвестиция болып табылады, салауатты өмір салтын ұстану үшін маңызды қадам болады.
Спорт кешеніне жиналған ауыл тұрғындары мен балалар жаңа кешеннің салынғаны үшін облыс әкімдігіне дән риза болды.
– Мен осы спорт түрінен өзімнің достарыммен бірге облыстық және республикалық жарыстарға қатысамын. Бізде бұрын мұндай спорт кешені болмаған. Енді чемпион болу деген арманымның орындалуы үшін барлық жағдайдың жасалып, мүмкіндіктер болғанына қуаныштымын, – дейді 11 жасар Қайсар Зейнуллабиден.
Айта кету керек, біздің облыста 11 спорт нысаны пайдалануға берілді және оның 57-сі ауылдық елді мекендерде орналасқан. Елімізде екінші болып Зеренді ауылында осы мақсаттар үшін арнайы көпфункционалды спорт кешенін салу қорынан қаражат бөлінген жасөспірімдер спорт кешенінің салтанатты ашылуы өтті.
Бейбарыс ШАЛАБАЕВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
![]()

