ЖОЛДАУҒА – ҚОЛДАУ
Жолдауда атап өтілгеніндей, қоғамдық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың негізі – еңбек қатынастарындағы әділдік. Ақмола облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің 2025 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша атқарған жұмысы осы бағыттағы елеулі өзгерістерді көрсетті.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының департаменті жұмыскерлердің еңбек құқықтары бұзылуының алдын алуға және болдырмауға, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек жағдайларын және еңбектің қорғалуын жақсартуға, оның ішінде жалақыны уақытылы төлеуге бағытталған шараларды қабылдайды.
Аталған кезеңде департаменттің прокуратура және басқа да мемлекеттік органдармен еңбек саласындағы ахуалға бірлесіп жүргізген тұрақты мониторингі, сондай-ақ, анықталған еңбекақының берешегін өтеу бойынша жұмыстары нақты нәтиже берді.
Алдын алу шараларына қарамастан, өндірістік жарақаттану мәселесі де әлі өзекті болып тұр. Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында аталған кезеңде мемлекеттік еңбек инспекциясының департаменті облыстың 264 кәсіпорындары мен ұйымдарына тексеру өткізіп, 337 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде:
– еңбек қатынастары бойынша – 292;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 44;
– халықты жұмыспен қамту бойынша 1 бұзушылық анықталды. Жұмыс берушілерге бұзушылықтарды жоюға 191 нұсқама берілді.
Еңбек заңнамасын неғұрлым өрескел бұзғаны үшін 104 лауазымды және заңды тұлғаға 17 088,1 мың теңге сомасына әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылып, 6 ескерту берілді.
Инспекция әрбір өтінішті мұқият қарап, жұмыскерлердің құқығын қалпына келтіруге бар күшін салды. 2025 жылдың басынан жеке және заңды тұлғалардың 1772 өтініші қаралды. Оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 1699, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 73 өтініш келіп түсті, халықты жұмыспен қамту бойынша өтініш түскен жоқ. Бұл сандар еңбек инспекциясының жұмысының қарапайым азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудағы шешуші рөлін айқын көрсетеді.
Ағымдағы жыл ішінде мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың 75 кәсіпорнында 1238 жұмыскердің алдында 495,0 миллион теңге сомасында жалақы бойынша берешегін анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде анықталған 460,2 миллион теңге жалақы бойынша берешек толығымен төленді. Осы кәсіпорындардың басшыларына 73 ұйғарым берілді және 11,4 миллион теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды. Алайда, өндірістік жарақаттануды болдырмау бойынша қабылданып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, облыста 2025 жылдың есептік кезеңінде өндіріспен байланысты 44 жазатайым оқиға, 3 топтық жағдай орын алып, 51 адам зардап шекті және 7 оқиға кісі өлімімен аяқталды.
Барлық жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеп-тексерулер жүргізіліп, өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы актілер жасалып, олардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің кінәсінің үлесі айқындалды. Материалдар іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін ішкі істер органдарына жіберілді.
Тәжірибе көрсеткеніндей, жазатайым оқиғаларға әкеп соғатын себептер зардап шегушiнiң өрескел абайсыздығы, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау ережелерiнiң бұзылуы, жұмыс өндiрiсiнiң қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы, қауiпсiз еңбек тәсiлдерiне үйретудегi кемшiлiктер, автожол қозғалысы ережелерiнiң бұзылуы, жеке қорғану құралдарының қамтамасыз етiлмеуi немесе қолданылмауы және тағы басқалары болып табылады.
Еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың басынан мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмыс берушілерімен және лауазымды тұлғаларымен 69 семинар мен сабақтар өткізді. Сонымен қатар, өңірдегі 59 кәсіпорында өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау өткізілді. Облыстың 222 кәсіпорыны мен ұйымында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттары енгізілген. 912 кәсіпорын- ұйым еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды. Олардың қатарында 1020 техникалық инспектор бар.
Оқу-консультативтік орталықтарда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша 1338 басшы мен маман оқытылып, аттестациялаудан өтті.
Атбасар қаласындағы «Қамқор Локомотив» ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жұмыс берушінің қызметін декларациялағаны үшін «Сенім сертификаты» табыс етілді. Бұл «Жұмыс берушінің қызметкерлердің еңбек құқықтарын іске асыру жөніндегі қызметін ерікті декларациялау» жобасына қатысушыларға берілетін құжат.
«Нөлдік жарақаттану — VisionZero» тұжырымдамасын енгізу және ілгерілету бойынша жұмыс берушілермен және кәсіпорын басшыларымен кездесулер тұрақты түрде өткізіледі. Облыс бойынша 3474 кәсіпорынмен «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша меморандумдар жасалды.
Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 5 кәсіпорында «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылды. Бұл жоба кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды бақылауды күшейтуге арналған. Осы мақсатта, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамға бейімдеу үшін, кәсіпорында «халықтық бақылаушылар» ретінде мүмкіндігі шектеулі адамдар тартылған. Олар бейнебақылау жүйесінің көмегімен зауыт цехтарында болып жатқан оқиғаларды бақылайды және қауіпсіздік техникасының барлық бұзушылықтарын қадағалайды.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 6066 ұжымдық шарт жасалып, қолданысқа енгізілді. Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру шеңберінде 2024 жылғы 5 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақмола облысында 11 414 кәсіпорын тіркеуден өтіп, 163 040 еңбек шарты жасалынды.
Департамент алдағы уақытта да жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру және жұмысшылардың конституциялық құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыра береді.
Амангелді СМАЙЫЛОВ,
Қазақстан Республикасы мемлекеттік еңбек инспекциясы
комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы.
![]()

