«Жас ұрпақ» бірлестігі нығая түсуде

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Өткен жылдың қараша айында облыс прокуратурасының бастамасымен «Жас ұрпақ» жобасы қолға алынып, осы атаумен жастар бірлестігі құрылған болатын.

Жобаның мақсаты өскелең ұрпақтың ұлттық мұраға және аға буынға деген құрметін арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Және бір басты міндеттердің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Бүгінге дейін бұл бірлестікке облыс мектептерінен 3 мыңнан астам оқушы мүше болды. Аталған бастама жастардың жауапкершілігі мен белсенділігін арттырудың маңызды қадамы әрі Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асырудың нақты көрінісі. Осы бір жыл ішінде жоба аясында балалардың шығармашылық және рухани қабілеттерін дамытуда оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Алдағы күндері жобаға қатысушылар қатары ұйымға мүше болуға тілек білдірген балалардың жаңа легімен толыға түспекші.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар