Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қазақ елі» фильмі жүлдемен оралды - АРҚА АЖАРЫ

«Қазақ елі» фильмі жүлдемен оралды

«Қазақ елі» анимациялық фильмі Каирда өткен фестивальде жүлдеге ие болды.
Бұл фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Сақ дала» серіктестігі түсірген. Туынды болашақ хандар Жәнібек пен Керейдің балалық шағы мен есею жылдары туралы баяндайды. Халықаралық анимациялық форумы жыл сайын Мысыр астанасы Каир қаласында ақпан айында өтеді. Бұл жолы әлемнің көптеген елдерінен 90-нан астам фильм ұсынылған. Солардың ішінен біздің фильм «Ең үздік толық метражды фильм» жүлдесін жеңіп алды.
Тікұшақ құлады

Шығыс Қазақстан облысында жоғалған тікұшақ табылды.   
Ол Аягөз қаласынан солтүстік батысқа қарай 60 шақырым жерден табылып отыр. Жеке компанияға тиесілі тікұшақ құлап, осы апаттың салдарынан   ұшқыш қаза тапқан. Ал, бортындағы жолаушы аман, ол түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл МИ-2 тікұшағы Үржар ауданындағы Қожа
ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуға тиіс болатын. Куәгерлер тікұшақтың Айғыз ауылының үстінен ұшқанын көрген. Алайда, межелі жеріне жетпеген.  Қазір оқиға болған жерде зерт жұмыстары жүргізілуде.  
Соғыстың тағы бір жаңғырығы

Ресейліктер қазақстандық  жауынгердің сүйегін тапты.
Бұл Курск облысының Поныри ауданында жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында мүмкін болды. Белгісіз жауынгердің сүйегімен бірге құран және кішкентай медальон табылған. Онда анасы Пулумгуз Ахмамбекова екені және үй-ішінің Сайрам ауданы Молотов колхозында тұратыны көрсетіліпті. Зерттей келгенде, бұл аумақта НКВД-ның 140-ыншы Сібір атқыштар дивизиясы  жауға қарсы тұрғаны белгілі болды. Ресейліктер қазір жауынгердің туған-туыстарын іздестіруде.
Жерге ұқсайтын жүйе

Ғалымдар сенсациялық жаңалық ашып, 7 экзоғаламшардан тұратын, жерге ұқсайтын жүйе тапты.
HASA ғылыми бөлімшесінің басшысы Томас Сурбухеннің айтуынша, ғаламшарлар TRAPPIST-1 жұлдызын айналып жүр. Олар тіршілік етуге жарамды болуы мүмкін. Өйткені, үшеуі ғаламшардың беткі қабатына су жиналуына мүмкіндік беретін тіршілік аймағында орналасқан. Қолайлы атмосфералық жағдайда бұлардың кез келгенінде су болуы мүмкін. Бельгияның Лиежский университетінің астрофизигі Мишель Жийон бұл 14 жылдың ішіндегі ең маңызды жаңалық деп атап көрсетті. Енді ғалымдар алдағы қазан айында ғарышқа шығарылатын жаңа телес-копты пайдалана отырып, 5 жыл бойы осы жүйенің атмосферасын терең зерттей түспекші.  
Кениатаның
қалауы – ислам діні

Кения президенті Ухуру Кениата Бахрейн корольдігіне сапары кезінде ислам дінін қабылдады.
Бейнебаянда мұсылман атанып, қатты толқыған президенттің көз жасына ерік берген сәті де көрініс тапқан. Ухуру Кениата өз елінде 2013 жылдан бері билік құрып келеді. Оның әкесі Джомо Кениата ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі ретінде Кения халқының әкесі саналады. Бұл елде тұратындардың діни құрылымына келетін болсақ, шамамен жартысына жуығы протестанттықтар, ал, төрттен бірі католик дінінде. Әрбір 10-ыншы тұрғын ислам дінін ұстанады. Қазіргі президент те міне, осы дінге артықшылық беріп отыр.
Қателіктің құрбаны

Адам өлтіргені үшін сотталған италиялық азамат ақталып шықты.
Таранто провинциясы Фраганьяно қаласының 55 жастағы тұрғыны Анждело Массароны Катанзаро қаласының соты кісі өліміне кінәлі деп танып, 1995 жылы 24 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Өйткені, Массароның телефонмен сөйлескен сөзі сот барысында айғақ ретінде келтірілген еді. Кейін анықталғандай, бұл сөзді айыптаушылар қате түсінген болып шықты. Осының нәтижесінде сот Массароның  апелляциялық өтінішін қанағаттандырып, оны түрмеден босату туралы шешім қабылдады. Енді ол Әділет министрлігінен 20 жыл жазықсыз түрмеде отырғаны үшін өтемақы талап етпекші.  
inform.kz, Baq.kz.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар