Жаңа пәтерлердің кілттері тапсырылды

ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ

2029 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасы аясында Егіндікөл ауданында 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілді.

Көппәтерлі тұрғын үй бірнеше жыл бойы ұзаққа созылған құрылыс нысандарының қатарында болып келіп еді.

Енді міне, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған әлеуметтік осал топтар санатындағы 5 отбасы осы үйден пәтерлі болды.

– Мұқтаж отбасыларды өз баспанасымен қамтамасыз ету халықтың өмір сапасын жақсартуға, әлеуметтік жағдайы мен  әл-ауқатын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Тұрғын үй құрылысын дамыту және халықты қолжетімді әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдар қызметінің басым бағыттары екендігін түсінгендіктен, осындай шараларды қолға алып жытырмыз, – дейді Юрий Курушин жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру салтанатында.

Школьная көшесінен үш бөлмелі пәтерге қол жеткізген көпбалалы ана Мәрия Жаппарқұлова:

– Бұл біздің отбасымыз үшін көптен күткен үлкен қуаныш. Баспаналы болуға мүмкіндік туғызғандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Енді барлық жағдайы жасалған жаңа, жарық пәтерде тұратын болдық, – деп қуанышын жасыра алмады.

Бұл өңірде осымен бір жылда әлеуметтік сала мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты құрылысы ұзаққа созылған 18 жоба аяқталды, қалғандары келесі жылы пайдалануға беріледі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар