Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ұлтыңызды жазайын ба?» - АРҚА АЖАРЫ

«Ұлтыңызды жазайын ба?»

Пенде болған соң әркімнің келешекке құрып қоятын өз ой-жоспары болады. Солай демекші, жеке куәлігім бар болса да, жуырда төлқұжат алайын деп халыққа қызмет көрсету орталығына бардым.

Орталықтың жұмысына қояр кінәм жоқ. Бәрі техникалық жағынан жақсы қарастырылған. Таблода кезектің ретіне дейін көрсетілуі тұр. Шақырады, ішке өтесің.
Бірақ, менің айтайын дегенім басқа жағдай. Компьютерде қызмет көрсетіп, төлқұжатымды рәсімдеп  жатқан оператор кенет «ұлтыңызды жазайын ба?» дейді. Бұл сауал маған түрпідей тиді. «Қалай жазбайсыз, қазақ деп жазыңыз, сондай да сұрақ бола ма екен» дедім.
«Жоқ, біз сұрауымыз керек, кейбіреулер ұлтын жазбайды» дейді бұл сөзіме әлгі оператор. Сонда бұл не, ана бір кездегі қазақстандық ұлт боламыз дегеннің әлі қалмай келе жатқан шарпуы ма?!. Осыны түсінбедім.
Жарайды, мен қырықтарға таяп, әжептәуір ақыл тоқтатқан жігітпін. Ал, енді бұған мән бермеген кейбір жастар алды-артын ойламай, оператордың әлгіндей сауалына өзіңіз білесіз дей салса не болады? Қазақ екені төлқұжатына жазылмай ма?!. Осы бір жағдай ішіме сыймай, сыртқа шығарып отырмын. Мұндайды  ойлап тапқан кім екен?!.

Елгезек ӘСКЕРБЕКОВ.  
 Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар