Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Айдын көлде жасанған аққулардай - АРҚА АЖАРЫ

Айдын көлде жасанған аққулардай

әсер қалдырған «Астана балет» театры труппасының өнері ақмолалықтарды тәнті етті

 

«Астана балет» театры гастрольдік сапармен Көкшетау қаласына келіп,  өнер көрсетті.  Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов сөз сөйлеп, көкшетаулықтар мен қала меймандарын хас шеберлігімен тәнті еткен өнер жұлдыздарына ризашылығын жеткізіп,  театр директоры Валерий Күзембаевқа облыс әкімінің атынан Алғыс хат  табыс етті.
Халықтық және заманауи хореографияның классикалық дәстүрлері мен ең соңғы үрдістерін шебер үйлестіре білген «Астана Балет» хореографиялық ұжымының әрбір қойылымынан    қазақ халқының тек өзіне ғана тән ұлттық бояуын анық аңғаруға болады.      
Сахна шымылдығы түрілісімен залда отырған көрермен демін ішіне тартып, сұлулықтың сөз жеткізгісіз тылсым сырына бойлай берді. Киелі сахна нұрға тұнып, кілкіп тұрғандай еді. Өнердің шұғылалы себізгі сәулесі жаныңды, жо-жоқ   жүрегіңді шуаққа толтырып, көңіліңді қуанышқа бөлей жөнелді. Тылсым тыныштық. Жүрек те тына қалған. Сыңғыр-сыңғыр етіп, сезім пернесімен ойнаған әсем музыкаға бойлай бергің келеді. Ен жайлаудың төсінде еркін өсіп, ерке самалға еркелеп өскен,   күннің өзі келбетіне қызыққан алма ағаштың бүріндей арулар  сахнаға би билеп шыққанда көңіл де көкке өрлеп, жаныңды жадыратып сала беретіні бар.  Неткен көркем көрініс! Қыр төсіне құлпырып шыққан қызғалдақтардай би билеген қыздар сахнаның гүліне айналды. «Арулар» биінде балет бишілерінің әрбір қимылы «Тұран» этно-фольклорлық топтың музыкалық композициясына үйлесіп, көрерменінің көңілінен шықты. Дәулеткерей мен Қуат Шілдебаевтың шығармалары орындалып, халық әндері мен шетел композиторларының туындылары  енген   «Таң» қойылымында бір актілі «Жусан» балетінен үзінді көрсетілді.
 Әдемі декорация көрермен көз алдына даланың тынысын, туған жердің жылуы мен атамекенге деген сағынышын керемет үйлестіріп, тауып, талғампаз көрерменнің көңілінен шықты. Өнер кешінің өн бойында халық әуендері мен қазіргі заманға сай бейімделген классикалық және заманауи шығармалар қойылды.  Сонымен, «Әлем» деген атпен қойылған балеттің өн бойы «жанның тууы», «оның түрлі сынақтан өтуі», «зұлымдық пен ізгіліктің шайқасы», «қараңғы мен жарықтың тартысы», осылардың нәтижесінде «махаббат пен сұлулық әлемінің орнауы» сынды ойлар мен идеяларды көрсетуге саяды. Бұл орайда, көрермен аталған қойылымды сахналау бағытында ауқымды жұмыстардың атқарылғанын бірден аңғарасың. Бұған бишілердің айрықша шеберлігі, ізденіс жолындағы еңбектері – дәлел.   Балет солистері Дарина Қайрашева, Айша Мәмбеталиева, Әнел Балтенова, Риза Қанатқызының ізденістері мен еңбектері де әбден бағалауға тұрарлық. Ән өнерінің қасиетті өлкесі саналатын киелі Көкшетауда бекзат өнердің саңлақтары түрлі жанрда қойылымдар көрсетіп, өз көрермендерін қайран қалдырды.
 Адам жанын  мөлдір сұлулыққа бөлеп, жүректі нұрға шомылдырған өнер кешін көрермен халық бір демде, ұйып тамашалады. Бекзат өнердің өнерпаздары сұлулыққа іңкәр көңілді өнер көгінде қалықтатты!..
Ұлмекен ТыныштыҚқызы.

 Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар