Етті мал шаруашылығы мен инвестиция — аймақ өрісі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен Aqmola Invest алаңында етті мал шаруашылығын дамыту және инвестициялық аймақты қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

– Мемлекет басшысының мал шаруашылығы саласының тұрақты әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында бұл бағыт Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының біріне жатады. Осыған байланысты әрбір ауданда табиғи-климаттық жағдайларды, жемшөп базасын, инфрақұрылымды, сондай-ақ, шаруашылықтардың мамандануын ескере отырып, мал шаруашылығы саласын дамыту жоспарлары әзірленіп, өзектендірілуі тиіс, – деп атап өтті өңір басшысы кеңесте сөйлеген сөзінде.

Кеңес барысында Ерейментау ауданында ет кластерін құру жөніндегі консорциумның кеңесшісі Гүлмира Исаева мен мал өсірушілер одағының төрағасы Дәурен Салықовтың баяндамалары тыңдалды. Сөз алған тұлғалар өңірде қалмақ тұқымды ірі қара малын өсіру перспективалары және мал өсірушілерді несиелендіру бағдарламалары туралы баяндады.

Ауданның «Соколинки и К» және «Торғай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері зәкірлі кәсіпорындар ретінде айқындалды. 2025 жылы бұл шаруашылықтар 4,3 мың бастан астам қалмақ тұқымды ірі қара мал әкеліп, карантиннен өткізді. Ет кластерін белсенді дамыту және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін оқыту мақсатында Торғай ауылында Фермерлер үйінің құрылысы басталды.

Сондай-ақ, кеңес барысында Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары қаралды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар