Қысқы Олимпиада ойындарына 6 спортшымыз қатысады

2026 жылғы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Спортшылар қысқы спорттың 8 түрі бойынша 16 дисциплинада жүлделерді сарапқа салады. Осы аламанға Ақмола облысының спортшылары да жоғары дайындықпен келуде.

Бүгінгі таңда Ақмола облысының алты спортшысы XXV қысқы Олимпиада ойындарына қатысу жолдамасын иеленді. Оның үшеуі — шорт-трек, үшеуі — шаңғы жарысы бойынша. Ал, биатлон бойынша жолдамалар қаңтар айының ортасында өтетін халықаралық жарыстардың қорытындысы бойынша белгілі болады.

Шорт-трек бойынша Ақмола облысының ұлттық құрама табыстарына үлесі ерекше. Елімізде Олимпиадаға жолдама алған төрт спортшының үшеуі ақмолалықтар. Денис Никиша, Яна Хан және Ольга Тихонова — Азия ойындарының жүлдегерлері, әлемдік деңгейдегі жарыстарда өзін дәлелдеген спортшылар. Қазіргі уақытта олар Астана қаласында дайындық жүргізіп, кейін Нидерландыдағы оқу-жаттығу жиындары арқылы Олимпиадаға аттанады.

Сонымен қатар, Олимпиадада шаңғы жарысы бойынша да Ақмола облысының спортшыларына артылар үміт зор. Надежда Степашкина, Анна Мельник және Ксения Шалыгина халықаралық жарыстарда тәжірибе жинаған, жоғары дайындықтағы спортшылар.

Ақмола облысынан Ақ Олимпиадаға баратын жерлес спортшыларымыздың қатары алдағы уақытта бұдан да көп болуы мүмкін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар