Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау және Ақмола епархиясының эпископы СЕРАПИОН: «Татулығымыз жарасып, ниетімізді оңынан оңғарсын!» - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау және Ақмола епархиясының эпископы СЕРАПИОН: «Татулығымыз жарасып, ниетімізді оңынан оңғарсын!»

Рождество – христиан жұртшылығының ең қасиетті де шуақты мейрамдарының бірі. Сыйынар Құдайымыз Иисус Христостың туған күнін ақмолалық православие христиандары да ерекше атап өтеді.

Әлемнің 140-тан астам елінде тойланатын бұл діни мереке еліміздің барлық аумағында, соның ішінде біздің өңірде де жыл сайын лайықты деңгейде аталып өтіледі. Осы орайда, мұның бәрі ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, елдегі діни тұрақтылықты сақтап қалуға деген ынта-ықыласының арқасында мүмкін болып отырған жағдай екендігін ерекше атап өткім келеді.

Тарихқа көз жүгіртіп, бұл мейрам қайдан пайда болды дегенге келер болсақ, оның тамыры тым тереңде жатыр. Адамдар қатыгезденіп, құндылықтар мәнін жоғалта бастаған бір кезеңде періштелер Иисустың анасының құлағына оның тоғыз айдан кейін ұлды болатынын сыбырлайды. Осы тылсымнан пайда болған перзент болмысы ерекше болып ер жетеді. Ол − жақсылық пен мейірімділікке деген сенімін жоғалта бастаған жұртшылықты осы игіліктердің барына сендіруге, бір-біріне жылы шыраймен қарап, ақжүрек болуға шақыру үшін жер бетіне адам кейпінде түскен біздің сыйынар Құдайымыз. Бірақ, адам сияқты ішіп-жеп, адам сияқты демалғанымен, оның пенделерден басты ерекшелігі – пәктігінде еді. Яғни, отыз үш жылдық саналы ғұмырында жаза басып, ақ жолынан аттамаған, осылайша ол бірде-бір күнә арқаламаған. Сондықтан да,  жүректерімізге ізгілік нұрын құйған Құдайымыздың өмірге келген күні біз үшін қасиетті де қастерлі. Отбасы мүшелерінің туған күнін қандай сән-салтанатпен атап өтсек, Иисустың дүние есігін ашқан күнін біз одан да жоғары салтанатпен тойлаймыз, оны асыға күтеміз.
Дінімізде Құдай түнде туылған деген түсінік бар. Осы түні біз шіркеуге жиналып, оған дұға бағыштаймыз.  Оның жер бетіне жіберілгендігі үшін сансыз мадақ айтамыз. Иисус Христосқа сену біздің күнәләріміздің кешірілуіне сеп болады, бар жан дүниемізді тыныштандырып, тазартады.
Бүгінде облысымызда дінге сенетін, шамамен қырық мыңдай белсенді православие христиандары «Архистратиг Михаил приходы» православ шіркеуі бастаған  32 приход пен 27 храмда сол Құдайға құлшылық жасайды.  Мен бұл мейрамда да осы мінәжәт ордаларының  ниеттес жандарға лық толы болатындығына сенімдімін. Осы ұлық мерекемен мен тек христиан дінінің өкілдерін ғана емес, барша ақмолалықтарды құттықтағым келеді. Жаратқан ием баршаңыздың ойға алған арман-тілектеріңіздің орындалуына сеп болғай. Жанымыз бен тәніміз сау болып, ортақ Отанымыз тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында еселі еңбек етуді Құдай бізге нәсіп етсін. Бұл діни мейрамда қоғамымыздағы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты нығайта түсетініне
сенімім мол.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар