Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алда ауқымды жұмыстар тұр - АРҚА АЖАРЫ

Алда ауқымды жұмыстар тұр

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен өткен облыстық ішкі саясат басқармасының алқа мәжілісінде ішкі саясат саласында 2016 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған маңызды міндеттер қаралды.

 

Шараға облыс аудандарының және Степногорск, Көкшетау қалаларының әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.  
Өткен 2016 жыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен ерекшеленіп, еліміздің түкпір-түкпірінде осы орайда мыңдаған іс-шаралар ұйымдастырылған еді. Біздің облыста мерейлі мереке жылында 120 мыңнан астам іс-шара өткізіліпті. Олардың ішінде облыс орталығында шет мемлекеттердің елшілерін қабылдау, сала министрлерімен, мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіхалықовамен, Парламент депутаттарымен кездесулер бар.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова өз баяндамасында облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы, ондағы жарияланған материалдардың өзектілігі мен маңыздылығы, мемлекеттік сатып алу мәселелері, электронды БАҚ-тардағы мақалалардың сапасы мен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жайында айтып берді. Баяндамашының айтуынша, облыс БАҚ-тарында Елбасының саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша материалдар жүйелі беріліп тұрады. Ақпараттық-насихат сайттарынан, не болмаса белгілі бір адамдардың жеке блогтарынан адам жанын түршіктіретін, қылмысты, зорлық-зомбылықты насихаттайтын материалдарды жиі көреміз, ал, газеттерден халық отансүйгіштік, тәлім-тәрбие, бейбітшілік пен келісімді насихаттайтын, ұрпақ болашағына қажетті адамгершілік тұрғысынан маңызды талдау, зерттеу мақалаларын оқи алады. Сонымен қатар, басқарма басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдаған биылғы Жолдауы мен жаңа реформалық өзгерістерге қатысты Үндеуін түсіндіріп-насихаттау барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысын айтты.
Бұдан соң мінберге көтерілген облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ринат Галлямов аудандардағы жас-тар саясаты мәселелері бойынша жағдайды баяндап берді. Ол жастар саясаты бөлімдері мен орталықтарын қаржыландыру мәселесін көтерді.  Мәселен, кей аудандар жастардың тәрбиесіне аса мән бермейтіндігін, мысалға айтар болсақ, Атбасар, Ақкөл аудандары бұл салаға небәрі 120 немесе 430 мың теңге шамасында ғана қаржы қарастырғандығын айтып, оның ештеңеге жетпейтіндігін айтып берді. Шара барысында облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Қасенов облыстағы діни жағдай мен дін қызметкерлерінің жұмысы, теолог мамандардың аздығы, жергілікті жерлерде заңсыз діни нысандарды салу, мемлекеттік қызметшілердің киім кию үлгісі, диструктивті діни ағым өкілдерінің екпеден бас тартып жатқаны туралы айтса, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бо-йынша департаментінің қызметкері Сергей Черемнев лаңкестікке қарсы күрес жолында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын, соғыс болып жатқан мемлекеттерге кетуге ниет білдіргендерді тоқтату, олармен жүйелі жұмыс жасау туралы, облыстың кей жерінде лаңкестікке қарсы жұмыстардың жеткіліксіз жүргізілетіні жайында ақпарат берді.
Алқа мәжілісін облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қорытындылап, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшыларына үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты жандандыруды, жас-тар саясаты мәселелеріне қаражатты тиісті деңгейде бөлуді, экстремизм мен терроризмге қатысты, дін саласына байланысты тиісті жұмыстарды уақытында және нәтижелі жүргізуді, оңтүстік аймақтардан «Серпін» бағдарламасымен келген азаматтармен, студенттермен жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды. Шара соңында ол «Қазақстан» РТРК облыстық филиалының директоры Арсений Дүйсеновты аймақтық телеарналардың директоры болып тағайындалуымен құттықтап, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ, өткен жылы жақсы жұмыс істеген аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің мамандары марапатталды. Олардың арасында сандықтаулық Майра Мәкішева, шортандылық Ерболат Жапаров және Еңбекшілдер ауданынан Самат Бермағамбетов бар.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары шараға жиналған нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесі  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Ырысалды Шамшиева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар