Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа Одақтың жөні басқа! - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа Одақтың жөні басқа!

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Парламент Сенатының депутаты.

Осы жылғы мамыр айының соңында еліміз өз тәуелсіздігінің тағы бір биігіне көтерілді! Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тереңінен толғап, ел мүддесін екшеп, Мәңгілік Ел болуымыздың жайын әріден пішіп, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды.

Әлемнің даму тамыры мазасыздана соғып тұрған бүгінгі алмағайып заманда бірігу, бірлесу, ынтымақтасу және де татулықта болудың маңыздылығы бәрінен де жоғары тұрары бар. Ал, бұл мәселенің біздің еліміз үшін тарихи мәнін де жоққа шығара алмас едік. Өйткені, кешегі кеңестік жүйені былай қойып, бірнеше ғасыр бойы «тамырласып» өмір сүрген Ресейден іргені біз қашан болсын аулақ сала алмасымыз анық. Ортақ шекара, ортақ мүдде бар! Осы Еуразиялық экономикалық одақтан еліміздің тәуелсіздігіне төнер қатер бар деген пікірлерді жөнсіз деп санаймын.
Елбасы экономикалық одақ болады, алайда, саяси одаққа жол берілмейді деген өзінің кесімді сөзін айтуындай айтып келе жатқан жоқ па? Соған құлақ асайық та, соған тоқтайық!
Ел билігінің екі тізгін, бір шылбырын өзінің адал қолына алғалы елінің де, туған халқының да есесін жібермей келе жатқан Елбасына өз басым сенгенмін, әлі де сенемін! Осы арада 2012 жылы баспадан жарық көрген «Әлемді жүрегіне сыйғызған» атты кітабымда айтылған мына бір: «Жүрегіне әлем сыйған және де сол жүрегіндегі әлемнің мұратты тағдырын ойлай білер Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – қазір әлемнің сенімді саясаткерлерінің бірі. Ендігі арада қазақстандық қоғам ғана емес, бұдан былай әлемдік қоғамдастықтың өзі де Назарбаевтың ақыл-ойына жүгініп отырғандығы хақ. Қазақстан Президенті бір ғана ұлттың перзенті, бір ғана мемлекеттің басшысы емес, ол тұтас бір әлемнің жанашыры, сол әлемнің бүгіні мен болашағын болжап, салиқалы да сабырлы ой айта да алар және де ізгілікті әрі батыл қадам жасай да білер, соған қабілеті мен қарымы, даралығы мен даналығының да жетерлігіне ешкімнің шүбәсі қалмағандай осы күндері», деген пікірімді қайра бір жаңғыртудың реті барын жөн санап отырмын.
– Біз жиырма жыл бойы экономикалық интеграция бағытында ілгеріледік. Осы уақытқа дейін орасан жұмыс атқарылды. Енді сол жұмысымыздың бекер болмағанын, қол қойылған шарттың халық игілігіне арналғанын іс жүзінде дәлелдеуге тиіспіз. Еліміз ұзақ мерзімді болашаққа жоспарланған бұл Одақтан пайда көреді. Біз шартқа экономикалық тұрғыдан тиімді болғандықтан қол қоюға ұмтылып отырмыз. Атап айтсақ, біздің еліміздің теңізге шығатын жолы жоқ екенін ескеру керек, мұны және көлік инфрақұрылымына қолжетімділікті көршілеріміз қамтамасыз ететін болады, – деп атап көрсеткен Елбасы іргеміздегі көршілерімізбен тығыз да іскер экономикалық байланыс жасау Қазақстанның дамуына оң әсерін тигізетіндігін де айтумен келеді.
Біздің Еуразиялық экономи-калық одақтан орасан пайда көреріміз анық жай. Қазақстанда, яғни біз өз қолымызбен шығарып жатқан тауарларымызды осы Одақ мемлекеттерінің нарықтарына шығарып, бәсекелестікке түсетін боламыз.
– Қазақстан тауарларының, капиталының, жұмыс күшінің еркін қозғалысы, бірлескен кәсіпорындар құру, сондай-ақ, байланыстарды күшейту – осының бәрі еліміздің экономикасына пайдасын тигізеді, – деген Нұрсұлтан Назарбаевтың бір ауыз осы пікірін қайталай отырып, «оу, біз қазақ баласы, тіпті, қазір өзіміз баптап жүрген небір сәйгүлік тұлпарларымызды шетелдерде өтіп жатар аламан небір бәйгелерге апарып, қосып та жүрген жоқпыз ба? Енді мына іскерлігіміз бен еңбекқорлығымызды сынар мына бәйгеден неге үркеміз?» – деген бір сауалдың да көкейге келіп тұрып алғаны да болды.
Мына бір мәселенің басы ашық екендігін айту да ләзім. Біз дүниенің ендігі даму үрдісінде өзімізбен өзіміз оқшауланып, еліміздің есік-терезесін қымтап, ешкімді ішке кіргізбейміз, сыртқа да ешкімді, ешнәрсені шығармаймыз, өз қазанымызға өзіміз ғана қайнап өмір сүреміз деп отыра алмасымыз анық. Мұны түсіне білуге тиістіміз. Бұл біз үшін өте қауіпті болмақшы. Бұлай жасасақ, біз ел дамуын өз қолымызбен тежеп, бөгегеніміз болар еді, өзімізді өзіміз кейінге ысырып, өзгелердің шаңын қауып қалуға мәжбүрлегенмен бірдей болмақшы. Ойы да, өресі де биіктеп келе жатқан ұрпақтарымызға қиянат жасаған болар едік.
Кешегі Кеңес Одағы кезінде шекарасының беріктігі соншалықты, тіпті, тышқан да жорғалап өте алмайды дейтіндей кезеңде әлемнің өзге елдерінде не болып жатқандығынан бейхабар болып отырған жоқ па едік? Тіпті, әлдебір шет мемлекеттен сатып әкелінген талай бір техникалық жабдықтарды іске қоса алмай, сол қымбат дүниелер шаруашылықтардың машина аулаларында шашылып жатқандығын да көріп едік қой. Осыдан келіп Кеңес Одағы артта қалып, ақыры құрдымға кеткен жоқ па еді? Соны біле отырып, енді бүгінгі күні интеграциядан бас тартар болсақ, бұл ел тәуелсіздігінің бүгіні мен болашағы жолындағы тарих кешірмес қателігіміз болар еді.
Тәуелсіз сарапшылардың сараптамасынан өтіп, әбден піскен Еуразиялық экономикалық одақтың шартында оны саясиландыруға жол берілмейтіндігі және де ұлттық өкілеттілік пен мемлекеттік егемендік мәселелері ешқашан, ешқандай да бір талқылауға жатпайтындығы туралы тұғырлы ұстанымы бар бұл Еуразиялық экономикалық одақ кешегі Кеңес Одағы емес. Біз қазір шекарасы айқындалған, Көкбайрағымыз желбіреген, әлемде өз орны мен өз үні бар, Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан Нұрсұлтан
Назарбаевтай Елбасы бар тәуелсіз Қазақстанбыз!
(Егемен Қазақстан, 31 желтоқсан, 2014 жыл).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар