Инвестициялардың өсу қарқыны бойынша алдамыз

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 926,9 миллиард теңгені құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Сонымен бірге, жеке инвестициялардың үлесі 71 пайызды, ал, бюджеттік инвестициялардың үлесі 29 пайызды құрап, бұл экономиканың дамуына жеке сектор мен мемлекеттік қаржыландыру көздерінің белсенді қатысын көрсетеді.

Салалар бойынша инвестициялардың негізгі бөлігі өнеркәсіпке тиесілі – 33,7 пайыз, ал, қалған бағыттар арасында жылжымайтын мүлік операциялары, көлік пен қоймалау, ауыл шаруашылығы, құрылыс бар. Осылайша, Ақмола облысы инвестициялардың өсу қарқыны бойынша Қазақстан өңірлері арасында көшбасшы болып, ИФО көрсеткіші 153,1 пайызды құрады.

2025 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы ағыны жоспардан шамамен 2,2 есе артық болып, облысқа ел бойынша үшінші орынды қамтамасыз етті. Инвестициялардың жоғары көрсеткіштері негізгі экономикалық салалардың динамикалық дамуын, өндірістік қуаттардың өсуін, жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін іскерлік климаттың нығаюын көрсетеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар