Білім мен ғылым – ел болашағының берік негізі

Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым саласының айрықша аталуын қоғам дамуының стратегиялық бағыты ретінде бағалауға болады. Себебі кез келген мемлекеттің өркендеуі ең алдымен адами капиталдың сапасына байланысты.

Білімді ұрпақ пен ғылыми әлеуеті мықты ел ғана жаһандық бәсекеге қабілетті болып, тұрақты дамудың берік негізін қалыптастыра алады. Осы тұрғыдан алғанда, білім мен ғылымға конституциялық деңгейде мән берілуі – болашаққа жасалған маңызды қадам.
Жобада білім беру мен ғылымды дамытуға басымдық берілуі мемлекеттің ұзақ мерзімді саясатының сабақтастығын көрсетеді.

Бұл жастардың сапалы білім алуына, ғылыми ізденістердің кеңеюіне және инновациялық экономиканың қалыптасуына серпін береді. Сонымен бірге, мұндай ұстаным қоғамдағы әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндіктер қағидатын нығайтуға ықпал етеді.
Түптеп келгенде, білім мен ғылымды ұлттық дамудың өзегіне айналдыру – елдің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған дұрыс таңдау. Жаңа Конституция жобасының осы қыры Қазақстанның болашағын білімді, бәсекеге қабілетті әрі жаңашыл ұлт ретінде қалыптастыруға қызмет ететіні сөзсіз.

Марат Өтегенов,
ҚХАА жанындағы Ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар