Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үнемшілдік өндіріске игі ықпалын тигізуде - АРҚА АЖАРЫ

Үнемшілдік өндіріске игі ықпалын тигізуде

Көкшетау қаласындағы жүк көліктерін шығаратын  «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы өндірісте үнемшілдік жүйесін қолдануда.

 

Облыс орталығындағы ірі өндіріс ошағының  құрылғанына  биыл 12 жыл толады. Еліміздегі машина жасау өнеркәсібі саласында өзінің лайықты орнын алып үлгерген зауыт аз уақыттың ішінде отандық машина жасау саласын дамытуға қомақты үлесін қосып келе жатқан кәсіпорындардың біріне айналды. Бүгінде ұжым жұмысы акционерлердің қолдауының арқасында ілгері басуда. Кәсіпорын құрылған 2005 жылдары жүк көлігінің үш түрін шығарудың өзінде біраз қиындықтар болған еді. Кейін бұл қиындықтар артта қалды. Қазіргі кезде зауыттан заман талабына сай «КамАЗ» жүк көліктері мен арнайы техниканың 40-тан астам түрі шығарылады. Зауыт құрылғаннан бері барлығы 11 мыңнан астам көлік конвейерден шықты. Бұл көліктер бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Төтенше жағдайлар комитеті, жол құрылысы және ауыл шаруашылығы саласында ойдағыдай қолданылуда. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына
2 мыңға жуық автокөлік шығаруға мүмкіндік берсе, өткен жылы 800-ден астам жүк көлігі құрастырылды. Биыл бұл көрсеткішті 1400-ге жеткізу көзделген. Соңғы кезде кәсіпорын басшылығы өнімде отандық үлестің мол болуына ерекше назар аударып келеді. Оны «Қазақстанда жасалған» деген эксклюзивті арнайы техникалардан байқауға болады. Оған қоса, еліміздің әр өңірінде кәсіпорынның сервистік қызмет көрсету орындары жұмыс істеуде. Сонымен қатар, зауыт ұжымы үнемшілдік өндіріс жүйесін қолға ала бастаған. Осының арқасында өндіріс қарқын алуда. Бұл «Нұр Отан» партиясының сайлауалды «Индустриялды даму» бағдарламасы шеңберінде өткен өңірлік партия кураторы комиссиясының отырысында айтылды. Шараға облыс орталығындағы ірі өндіріс орындары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
– Бүгінде біздің кәсіпорын елімізде жүк көлігін шығаратын бірегей зауыт. Биылғы жылы барлығы 1400 бірлік автокөлік шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар, – дей келе, зауыт басшысы Сергей Кистин аталған кәсіпорынның инженер-техник қызметкерлері мен жұмысшылары қазіргі кезде үнемшілдік өндіріс жүйесін қолданудың арқасында кәсіпорын жұмысы ширай түскенін атап өтті. Бұл түп негізі жапондық саналатын əдіс өндірістік шығындарды азайтып, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған. Қазірдің өзінде зауытта бір жүк көлігі 55 минуттың ішінде жиналатын көрінеді.
Жалпы, «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы тәрізді үлкен кәсіпорын үшін он екі жыл аса көп мерзім емес. Дегенмен, осы аз уақыттың ішінде мықты ұжым құрып,  қазіргі заманғы технология-ны қолданудың арқасында кəсіпорынның нарықтағы бəсекелестігі арта түсуде. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғастырыла беретіндігі сөзсіз. Бұл нарық талабы.
Аслан ОСПАНОВ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар