Жаңғыру жолы
Көпсалалы облыстық аурухананың директоры, жоғары санатты хирург-дәрігер және Ақмола облыстық мәслихатының депутаты ретінде Конституцияның жаңа жобасын қолдауды өзімнің кәсіби және азаматтық борышым деп санаймын.
Күнделікті денсаулық сақтау жүйесінде қызмет ете жүріп, мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы, өкілеттіктердің нақты бөлінісі және билік органдарының халық алдындағы шынайы жауапкершілігі қаншалықты маңызды екенін көріп жүрмін. Медицина үшін кез-келген әлеуметтік сала секілді құқықтық базаның тұрақтылығы, шешім қабылдаудың ашықтығы және азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы ерекше маңызға ие.
Конституцияның жаңа жобасы Парламент пен мәслихаттардың рөлін күшейтеді, қоғамдық бақылау тетіктерін кеңейтеді және билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтады. Бұл неғұрлым салмақты шешімдерді, жергілікті жерлердегі атаулы жұмысты және биліктің халық алдындағы есептілігінің артуын білдіреді. Өңірлер үшін бұл өте маңызды – себебі, дәл осы жерде, облыстар мен аудандар деңгейінде ауруханалардың, мектептердің, жолдардың және әлеуметтік қолдаудың мәселелері шешіледі.
Дәрігер ретінде мен әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға және адамның рөлін мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде көтеруге бағытталған ережелерді ерекше қолдаймын. Ұлт саулығы – елдің стратегиялық ресурсы. Демек, кез келген реформа азаматтардың өмірін, қадір-қасиетін және құқықтарын қорғау қағидасына сүйенуі тиіс.
Депутат ретінде сенімім кәміл: ұсынылып отырған өзгерістер биліктің әр деңгейінің жауапкершілігі артатын және шешім қабылдауға қоғамның қатысу мүмкіндіктері кеңейетін тиімдірек басқару моделін қалыптастырады. Бұл – неғұрлым кемелденген, теңгерімді саяси жүйеге жасалған қадам.
Бүгін біз маңызды тарихи сәтте тұрмыз. Еліміздің болашағының қандай болатыны, оның тұрақтылығы, әділдігі және адамға бағытталуына біздің азаматтық ұстанымымызға байланысты.
Конституцияның жаңа жобасын қолдай отырып, біз дамуды, жауапкершілікті және ертеңгі күнге деген сенімді қолдаймыз.
Нұрлан ЖАРОВ,
Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының директоры,
Жоғары санатты хирург-дәрігер, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты.
![]()

