№18 учаскелік референдум комиссиясының төрағасынан Тілеген АМАНГЕЛДІ: «Азаматтардың белсенділігін байқадым»

Ақмола облысының тұрғындары мемлекеттік деңгейдегі аса маңызды іс-шарада азаматтық белсенділік танытып, референдум күні өз дауыстарын берді.  Осы орайда, біз де 15 наурыз  күні №18 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Тілеген Амангелдіден дауыс беру үдерісінің қалай өтіп жатқанын сұраған едік.

 Қайырлы күн, Тілеген Амангелдіұлы! Таңертең сағат 7.00-ден тынымсыз жұмыс істеп жатырсыздар.  Бәрі ойдағыдай өтіп жатыр ма?

– Біздің референдум учаскесі өз жұмысын таңғы жетіден бастап кетті. Учаскелік комиссияда 9 адам жұмыс жасап жатыр. Ешқандай техникалық қиындықтар орын алған жоқ. Жарық, интернет жүйесі барлығы толық негізде жеткілікті түрде жұмыс істеп тұр. Адамдардың тұрғылықты мекен-жайын тексеретін порталымыз іске қосулы. Әрбір дауыс беруішіге қай мекен-жай бойынша қайда дауыс беру керек екендігі бойынша көмектесіп жатырмыз. Біздің дауыс беру учаскемізде 2051 адам тіркелген. Соның көбі дерлік белсенділік танытып келуде. Арасында белсенді жастарымыз өте көп. Сағат 12:00-ге дейін үйден дауыс беру туралы 5 өтініш келіп түсті. Оларға түстен кейін барып, дауыстарын аламыз. Көбінесе денсаулық жағдайына байланысты, үлкен кісілерге референдумға шақыртуларды  әр отбасына жеке-жеке таратқан едік. Сол кезде ол кісілер үйге келсеңіздер деп өз ұсыныстарын айтты.

 Ең қарт және ең жас дауыс берушілер туралы айта кетсеңіз

– Осы учаскеде жасы 18-ге толған 46 ұл-қыз бар, олар келіп өз дауыстарын беріп жатыр. Ал, ең жасы үлкені 1939 жылы туған ақсақал. Ол атамыз да осында келіп, өз дауысын беріп кетті. Келіп, азаматтық белсенділік танытқаны үшін естелік сыйлықтарын да ұмыт қалдырған жоқпыз.

 Референдумға бақылаушылар қатысып отыр ма?

– Иә, бақылаушылар бар. Таңертеңнен жергілікті 4 бақылаушы болды. Одан бөлек, халықаралық ұйымдардан 2 адам келіп, бақылау жасап кетті. Бақылаушылар тарапынан қандай да бір сын-ескертпе болған жоқ.

 Бұл маңызды оқиға Тілеген Амангелдіұлы, айтыңызшы, сіз үшін несімен ерекшеленеді?

– Биыл өзім жаңа референдум учаскесіне келіп отырмын. Осы жерде жаңа әріптестеріммен бірге жұмыс істеп, тұрғындардың белсенділігін көрдім. Мен үшін референдум ерекшелігі сол болды ғой деп санаймын.

 Әңгімеңізге рахмет!

 Сұхбатты жүргізген Бейбарыс ШАЛАБАЕВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар