Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен психологтарға арналған кәсіби кездесу өтті.
Кездесу барысында мамандар Л. Сонди тестінің практикалық қолданылуымен танысып, оны психологиялық жұмыста қолдану ерекшеліктерін талқылады және тәжірибе алмасты.
Андриенко Ольга Александровнаның жетекшілігімен психологтар жаңа білім мен практикалық дағдылар алды. Алынған тәжірибе алдағы уақытта жастармен жұмыста тиімді қолданылатын болады.
Мұндай кәсіби кездесулер мамандардың кәсіби дамуына және психологиялық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығы
![]()

