Аграрлық салада ғылымды қолданудың берері көп

Бүгінгі таңда талқыланып жатқан Конституциялық реформаның жаңа жобасы – бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес, еліміздің ертеңгі күнін айқындайтын іргелі стратегиялық құжат. Ғылыми қызметкер ретінде бұл жобада адам капиталына, сапалы білім мен озық ғылымға, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласын жаңғыртуға айрықша мән берілгенін ерекше атап өткім келеді. Біз үшін бұл реформа – ұлттық экономиканың күретамыры саналатын аграрлық секторды инновациялық жолға қоюдың бірегей мүмкіндігі.

Жаңа Конституция жобасы ғылым мен білімді өндіріспен, атап айтқанда, ауыл шаруашылығымен тығыз байланыстыруды көздейді. Қазіргі таңда аграрлық секторға тек еңбек күші емес, ең алдымен, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті кадрлар қажет. Біз цифрлық технологиялар, автоматтандырылған басқару жүйелері және ветеринария саласындағы озық инновациялар заманына қадам бастық. Осы орайда, әрбір азаматымыз сапалы білім мен іргелі ғылымсыз заманауи ауыл шаруашылығын құру мүмкін емес екенін терең түсінуі тиіс. Жаңа Конституция ғылым мен білімнің үндесуі арқылы шаруашылықты дамытуға қажетті барлық құқықтық жағдайды жасап отыр.

Бұл құжат біз үшін экономиканы цифрландыру мен адам капиталын дамытудың басты бағдары іспетті. Болашақта біздің басты ресурсымыз біліммен қаруланған, технологияны меңгерген маман болмақ. Адам капиталының сапасын арттыру арқылы біз ауыл шаруашылығының технологиялық жаңаруына, өндіріс қуатын еселеуге және ең бастысы, мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге жол ашамыз. Ғылым мен білімнің өндірістік күшке айналуы еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін мүлде жаңа деңгейге көтереді.

Қорыта айтқанда, Жаңа Конституция жобасы ғылым, білім және адам капиталының өзара үйлесім тауып, мемлекет игілігіне жұмыс істеуіне негіз қалайды.

Бұл реформа – ауылдың ажарын кіргізіп, шаруаның еңбегін еселейтін, ғылыми жетістіктерді күнделікті тұрмысқа енгізетін жарқын болашақтың бастауы. Біз осы стратегиялық бағытты ұстану арқылы бәсекеге қабілетті, мықты мемлекет бола аламыз.

Анар АЯПБЕРГЕНОВА,
«Ауыл» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрайымы,
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар