Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәрбие тал бесіктен басталады - АРҚА АЖАРЫ

Тәрбие тал бесіктен басталады

Айдарлы негізгі мектебінде өзін-өзі тану пәнінен өткен онкүндікке орай, оқушы балаларды қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге баулу мақсатында «Табиғатты аяла» сабағы болып өтті.

 

Сондай-ақ, онкүндік аясында адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі адами қасиеттер мен адамгершілік нормалардың рөлін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашуда «Қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында мектептің  5 және 9 сынып оқушылары арасында тренинг жалғасын тапты.
Неміс халқының ұлы ақыны М.В.Гете айтып кеткендей: «Ақылды деп көп білетін адамды емес, өзін-өзі жақсы білетін адамды айтуға болады» демекші, оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесуді мақсат тұтып, бастауыш сыныптың өзін-өзі тану мұғалімі К.Воронова мен тәжірибеден өтуші Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің 4 курс оқушысы Б.Аяған бірлесе отырып «Мен қандаймын?»  атты тақырыпта танымы мол тренинг ұйымдастырды.
«Табиғаттағы барлық жылу – күннен, өмірдегі барлық жылу – адамнан», демекші бастауыш сыныптың өзін-өзі тану мұғалімі Р. Торсанова мен тәжірибеден өтуші 4 курс студенті А.Жүсіпбаева  бірлесіп
2 сыныпта «Жүрек жылуы» атты сабақ өткізді. Сабақ барысында  «Балалар тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлі» тақырыбында және «Рахмет саған анашым» бейнеролик көрсетілді. «Қазіргі уақытта баланың санасы неге улануда?» деген өзекті мәселе төңірегінде ұстаз Б.Төлебаева «Жалпыадамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.
Әрбір адамның жүрегінде сондай жылу болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта болады деген сеніммен онкүндік аясында ауылымыздың тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі  Еламан ағаға Б. Төлебаева  мен музыка пәнінің мұғалімі Е.Рақышев  «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Мектеп ұжымының атынан шағын қаржылай көмек көрсетілді.
Айнагүл БАЛТАБАЕВА,
Айдарлы негізгі мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар