Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәмелеттік жасқа толмағандар жасайтын қылмыс қайткенде азаяды?.. - АРҚА АЖАРЫ

Кәмелеттік жасқа толмағандар жасайтын қылмыс қайткенде азаяды?..

 «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен өткен жастар мен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы кеңейтілген оты-рыста  осындай қылмыстардың  азаймай тұрғандығы сөз болып, жағдайды  жақсартудың жолдары қарастырылды. 

 

Қазіргі таңда кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстың барлық түрі орын алып отыр. Оларды осындай теріс әрекеттер мен қылмыстарға не итермелейді деген мәселеге келсек, оның себебі де әртүрлі. Мәселен, қылмыс жасаған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қоршаған ортасы нашар, ата-анасының әлеуметтік жағдайы төмен немесе ішімдікке салынған, теріс жолға түскен. Жасөспірімдердің осындай теріс жолға түсуін алдын алу жайы талқыланған кеңейтілген отырыста облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Мұсаев атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді. Баяндамашының мәліметтеріне сүйенсек, 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасындағы құқық бұзушылықтар биылғы жылдың екі айының қорытындысы бойынша өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда біршама көбейген. Өткен жылы 327 құқық бұзушылық орын алса, биыл 366 факті тіркелген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 2922 құқық бұзушылық орын алса, оның 139-ын кәмелетке толмағандар жасаған. Әрине, мұның барлығы мақтанатын көрсеткіштер емес. Ал, биылғы жылдың екі айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылықтары өткен жылға қарағанда әлдеқайда төмендеген. Былтыр 42 факті тіркелсе, биыл 18 құқық бұзушылық анықталды. Кәмелетке толмағандармен жасалған құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі мүліктік сипатта.
–Ұсақ қылмыстар, ұрлау, тонау, заңсыз бостандығынан айыру, денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіру, жасөспірімдердің жүгенсіздігі, жалған ақпарат жеткізу, кісі өлтіру, автокөлік құралдарын ұрлап, айдап әкету сияқты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың орын алуының басты бір себебі – қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәселелерімен, жұмыссыздық, жастардың бос жүруімен байланысты. Себебі, жұмыс істемейтін және оқу оқымайтын жастар арасында ағымдағы жылдың басынан бері 345 құқық бұзушылық жасалды.  Мектептер мен колледж оқушылары арасында да құқық бұзушылықтар жыл озған сайын азайып келе жатқаны көңіл көншітуде. Десе де, оқу орындарында бірен-саран фактілер бар, –деді полиция полковнигі Руслан Мұсаев өз сөзінде.
Облыста жергілікті полиция қызметімен мүдделі органдардың қызметкерлері бірлесіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жедел алдын алу мақсатында түрлі іс-шаралар, рейдтер мен акциялар, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқу орындарында түрлі үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Арнайы дәрістер оқылады. Қалалар мен аудандарда апта сайын балалардың түнгі уақытта көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүрмеуіне, дүкендердің кәмелет жасына толмағандарға алкогольді ішімдіктер мен темекі сатпауына арналған рейдтік шаралар жиі жүргізіледі. Соған қарамастан, орын алып жатқан құқық бұзушылық фактілер көп. Өткен жылы балалардың түнгі уақытта бейсауат жүргені үшін 2354 заңды өкіл, яғни, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал биылғы жылдың екі айының қорытындысы бойынша 497 адам жауапқа тартылып отыр. Бұдан ата-аналар қаншалықты әкімшілік жауапқа тартылып, жазаланып, айыппұл төлеп жатса да, осындай жағдайлар әлі де қайталанып отырғандығын көреміз.        
Мамандардың айтуынша, кешкі уақытта үйде жалғыз, қараусыз қалған балалар қылмысқа жақын болады немесе өздері біреудің құрбанына айналады. Кейбір бақуатты ата-аналардың балаларына тиісті көңіл бөлмеуі де қайғылы оқиғаларға әкеліп соғуы мүмкін. Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары осы орайда, Жақсы, Ерейментау, Сандықтау, Бурабай аудандарында орын алған аса ауыр қылмыстар жайында біраз мысалдар келтірді.
Жастар арасындағы қылмыстың жиілеп кетуіне тағы бір себеп – отбасыларының жайсыздығы. Ата-аналарының ішімдік ішіп, балаларына дұрыс қарамауы – балаларды тірі жетім етіп, моральдық тұрғыдан олардың дамуына, таным-түсінігіне кері әсер етеді, өмірді дұрыс тани қоймаған олардың жандарын жаралайды. Мұндай ата-аналар облыста 1443, олармен 1300-ге жуық бала өмір сүріп жатыр екен. Мысал келтіре кетсек, өткен жылдың маусым айында Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасының қызметкерлері есепте тұрған бір жайсыз отбасын тексеруге барады. 1982 жылғы А. есімді жұмыссыз әйел балаларына төленетін өтемақыға ішімдік алып ішіп, үйіне дұрыс қарамайды екен. Тіпті, танымайтын адамдарды кіргізіп алып, ішімдік ішеді. Бес баласын да әр түрлі еркектен тапқан. Тұрақты тұратын жері жоқ. Үйінің іші адам көргісіз, лас. Балаларды тәрбиелейтіндей жағдайы да жоқ. Ең кіші бес айлық баласы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне туғалы бірнеше мәрте пневмания және басқа аурулармен қайталап түсе берген. Нәтижесінде 2016 жылдың 10 маусымында қалалық ішкі істер басқармасы қалалық қамқорлыққа алу және қорғаншылық бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, әлгі әйелден балаларды тартып алған. Ата-ана құқығынан айырған. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар көп.  
Отырыс барысында сонымен қатар, жас-тар мен кәмелетке толмағандар арасында жиілеп бара жатқан суицид мәселесіне де көңіл бөлінді. Жыл басталғалы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында осындай 15 факті тіркелген. Ал, суицид жасауға әрекеттенгендер саны отызға жуық. Бұл көрсеткіштер ішінде ер балалардың саны көп. Мамандар бұл орайда, жасөспірімдердің суицидті
насихаттайтын виртуалды ойындарды ойнауы себеп болып жатқандығына да көңіл бөлді. Ағымдағы жылдың ақпан айында әлеуметтік желілерде жасөспірімдер құмартып ойнаған «Көк кит», «Тыныш үй», «Разбуди меня в 4:20», «Я в игре» сияқты ойындар ойнағандарды суицидке итермелегенін айтып берді. Облыста «Көк кит» ойыны бойынша 5 өтініш түскен.
Отырыста сонымен қатар, жастардың ерте, дайындықсыз отбасын құрып, көп ұзамай ажырасып жататындығы, жастар арасындағы нашақорлық, оған қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында да айтылды. Бұл орайда, облыстық наркологиялық оңалту орталығының директоры Серік Әшімов, облыстық қылмыстық атқару департаменті басшысының орынбасары Динара Жүсіпбекова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов, жастар мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Ринат Галлямов, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Тимур Ысқақов баяндама жасап, жоғарыда аталған жастар мен кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен қылмыстарының алдын алу, болдырмау барысында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығына тоқталып, өздерінің ұсыныстарын жасады.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар