Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ойдағыдай болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ойдағыдай болуы керек

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында сайлауалды бағдарламаның «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша өңірлік партия комиссиясының отырысы өтті. Қазір мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен маңызға ие.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына барынша ден қойылуда.
«Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы» мемлекеттік емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы «халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы Әсел Сансызбаеваның айт-
уына қарағанда, департамент ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында барлығы 403 259 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның ішінде 282 312-сі электронды түрде. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Халық көп қажет ететін қызметтердің арасында мекен-жайы бойынша анықтама, тіркеу және жылжымайтын мүлік туралы анықтама, электронды сандық мөр бар.
Соңғы кездері мемлекеттік қызмет сапасы біршама жақсарып келе жатқаны байқалады. Дегенмен, тұрғындардың көңілі толмайтын кейбір кемшіліктер де жоқ емес. Әсіресе, аудан, ауылдық жерлердегі халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы менеджерлердің анықтама сұрап келген адамды бір-біріне cілтеп жіберетіні жасырын емес. Жақында осындай жағдай Бұланды ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығында орын алған. Осындай олқылықтарды болдырмау үшін өңірлік партия комиссиясының мүшелері халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне ұдайы білімін жетілдіріп, біліктілігін арттырып отыру үшін семинар және курстар ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
– Мемлекеттің алдындағы ең бірінші мақсат азаматтардың мүдделері мен заңды құқықтарын сақтай отырып, мемлекеттік қызметтің сапалы жаңа түрін жетілдіру жолдарын айқындау болып табылады. Сол себепті, бұл бағытта есеп беруден гөрі нақты жұмыс істеген қажет, – деді облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетов.
Сонымен қатар, «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы» мемлекеттік емес акционерлік қоғамының жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу департаменті басшысының орынбасары Сергей Серіковтің  баяндамасы тыңдалып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар жасалды.

 

Аслан Оспанов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар