Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мереке алдындағы жәрмеңке - АРҚА АЖАРЫ

Мереке алдындағы жәрмеңке

Өткен сенбі күні Тәуелсіздік алаңы мен «Алтын Ғасыр» сауда үйінің алдында Наурыз мейрамы қарсаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің жай-күйін облыс әкімінің орынбасары Егер Каппель аралап көрді.

Бұл жәрмеңкеде Ақкөл, Атбасар, Сандықтау, Еңбекшілдер аудандарының  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері мен Көкшетау қаласының өңдеуші кәсіпорындары өз өнімдерін саудалады. Қала тұрғындарына  нарық бағасынан біршама арзан ауыл шаруашылығы өнімдерінің елу бес түрі ұсынылды. Облыс әкімінің орынбасары әр сауда шатырын асықпай аралап көріп, тұрғындармен пікірлесті.
– Облыс әкімінің өкімімен ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінің кестесі жасалды. Бүгін Степногорск қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде. Алдағы уақытта жәрмеңкені қалалар мен аудан орталықтарында да өткізетін боламыз. Наурыз мерекесіне арналған бүгінгі жәрмеңкемен бірге қайырымдылық акциясы қатар ұйымдастырылды. Мәселен, Ақкөл ауданы көп балалы отбасылар үшін, Атбасар ауданы зағиптар қоғамы үшін азық-түлік пакеттерін әкелді. Сауда шатырындағы азық-түлік тағамдары сапасымен де, бағасымен де тұтынушыларды тартып тұруы керек. Қала тұрғындары айына бір рет жәрмеңке өткізуді өтінді. Алдағы жәрмеңкеге ертерек келген тұрғындардың өнім таңдауына мүмкіндігі бар. Ет пен ет өнімдерін молырақ сататын боламыз. Жәрмеңкеде сатылған көкөністің сапасы көңілден шықты. Жұрттың одан көңілді қайтуына жағдай жасаған Көкшетау қаласы мен Ақкөл, Атбасар, Сандықтау, Еңбекшілдер аудандарынан келіп, жәрмеңкені өткізуге белсене атсалысқандарға алғысымды білдіре-мін, – деді Егор Каппель.
Жәрмеңкеге Ақкөл ауданының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері 10 миллион теңгенің ет, жұмыртқа, сүт өнімдері тәрізді азық-түлік тағамдарын әкеліп, сегіз сауда шатырында сатты. «Үшбұлақ» кәсіпорнының жұмыртқасы, «ОРС НОД-1» кәсіпорнының нан өнімдері, «Теремок» кәсіпорнының шұжығы мен ірімшігі сауда сөресінде көп жатпады. Оның үстіне жем мен шөп сатқандарын көзіміз шалды. Жәрмеңкеде ірі қара етінің әр келісі 1100 теңгеден, жылқы етінің келісі 1200 теңгеден, қой етінің келісі мың теңгеден, тауық етінің келісі 680 теңгеден саудаланғанын атап өткен жөн. Сандықтау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Гүлнәр Қабденова өз сөзінде ірі қара, жылқы мен қой етін, кептірілген жеміс, сүт өнімдерін әкелгендерін айтты. Жәрмеңкені ұйымдастыруға «Бастау Агро», «Балкашин асыл тұқымды зауыты», «Сандықтау», «Жылымды 2004» серіктестіктері мен «Грибов», «Лакомка» жеке кәсіпорындары атсалысыпты. Облыс әкімінің орынбасары жеке кәсіпкер Қажымұқан Смағұлов жасаған ұлттық дөңгелек үстелдер мен астауға назар аударды. Кәсіпкер мерекеге орай, өз тауарларының бағасын түсірген екен. Осы жерде Атбасар ауданының
«Евлоев» жеке кәсіпорны келісін 80 теңгеден
7 тонна ұн сатты. «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының сауда шатырларында арзан бағамен сүт өнімдері, шұжық, балық, күріш, қант, қарақұмық, өсімдік майы, нан өнімдері, картоп пен көкөніс саудалағанын атап өткен жөн. Қала тұрғыны Мұхамедия Қабиев өз сөзінде арзан бағамен ет, сүт және литрі 340 теңгеден «Сочинский» өсімдік майын сатып алғанын айтты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның уәжіне қарағанда, атаулы кәсіпорындар 49,7 тонна ет және шұжық,
7 тонна балық, 12,5 тонна сүт өнімдерін,
20 тонна ұн, 19 тонна картоп, 14 тонна көкөніс пен бақша өнімдерін, 5 тонна қант, 12,2 мың литр өсімдік майы, 216,5 мың дана жұмыртқа және өзге де өнімдерді нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатқан. Сөйтіп, жәрмеңкеде арзан бағамен тауар алған қалалықтардың және тауарларын лезде сатқан ауылдықтардың да көңілдері көтеріңкі болды.
Суретті түсірген Вячеслав ГУБАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар