Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлігі жарасқан елде береке бар - АРҚА АЖАРЫ

Бірлігі жарасқан елде береке бар

«Достар» мәдениет сарайы жанындағы  Көкшетау қалалық кітапханасында  Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-ші сессиясына орайластырып, «Қазақстан – татулық пен бірліктің ордасы» тақырыбында этно-мәдени орталықтармен кездесу болып өтті.

Оған  мектеп оқушылары және  қоғамдық бірлестіктердің мүшелері қатысты. Елімізде тұратын  түрлі ұлт-өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңірек насихаттау мақсатында ұйымдастырылған отырыста бірінші болып қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова сөз алып,  мемлекетімізде тұрып жатқан түрлі ұлт- өкілдерінің Қазақстан ортақ үйі екенін баса  айтып, мерекемен жиналғандарды құттықтады. Бұдан әрі облыстық  «Видергебурт»  немістер қоғамы»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Корнеева    қазақ жері   бір кездері  тағдыр тәлкегімен  қоныс аударған түрлі этностардың құтты қонысына айналғандығын, осы мемлекетте тұрып жатқан  әр халық  өз тілін ұмытпауға, дінін берік ұстануға мемлекетімізде мол мүмкіндік жасалынып жатқандығын тілге тиек етіп, неміс тілінде жыр шумақтарын оқып берді.
Шара барысында  этно-мәдени орталықтар  өздерінің салт-дәстүрлерімен  бірге, халық әндерін шырқап,   ұлттық билерін  биледі.   Сонымен қатар, қолданбалы өнер шеберлері  әр ұлттың мәдениетіне  сай бұйымдарын ортаға  қойып  көпшіліктің назарына ұсынды.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар