Қосшыда спорттық инфрақұрылымының дамуына жол ашқан AMANAT бастамасы

Көп жылдар бойы Қосшы тұрғындары спортпен шұғылдану үшін Астана қаласына қатынауға мәжбүр болатын. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін бұл үлкен қолайсыздық тудырып, уақыт пен қаражат шығынын арттырды.

«ALAN» дене шынықтыру-сауықтыру кешені AMANAT партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының салынды және қала тұрғындарының игілігіне қызмет етпек. Жаңа спорт кешені – қала инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба. Заманауи нысан тәулігіне 300-ге жуық адамды қабылдай алады. Олимпиада тізіміне енгізілген спорттың 10 түрінен секциялар да бар. Ғимарат барлық қажетті материалдық-техникалық құралдармен және соңғы үлгідегі спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда ересектер мен балаларға арналған бассейндер, әмбебап спорт залы, күрес залы және ойын алаңдары қарастырылған.

«Қала тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Спорт орталығының ашылуын балалар да, ата-аналар да ұзақ күтті. Енді балаларымыз басқа қалаға барып әуре болмайды. Мұнда күрес, волейбол, баскетбол, карате  және тб шұғылдануға болады. Сонымен қатар кешенде балалар мен ересектерге арналған бассейндер бар», — деді «ALAN» дене шынықтыру-сауықтыру кешені басшысының орынбасары Әлия Тұрар.

Кешенде кәсіби спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Енді қала тұрғындары күрес, волейбол, баскетбол, және басқа да олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерімен өз қаласында шұғылдана алады. Бұл, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер үшін халықаралық аренаға шығу үлкен мүмкіндік.

«Менің қызым Даяна волейболмен шұғылданады. Қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі 10-нан астам жарысқа қатысты. Енді өзіміздің “ALAN” кешені ашылып, қатты қуанып жатырмыз. Балаларға осындай заманауи спорт нысанының қолжетімді болғаны — үлкен мүмкіндік», — деді қала тұрғыны Эльмира Дүйсенова.

Айта кету керек, соңғы жылдары Қосшы қаласында әлеуметтік нысандарды дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жаңа спорт кешенінің ашылуы – соның айқын дәлелі. Бұл жоба бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға зор ықпал етеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар