Ағымдағы жылғы 17-18 сәуірінде Көкшетау және Степногорск қалаларында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ауқымды іс-шаралар өтеді

2026 жылғы 17 сәуірде Степногорск қаласында өтетін шараға 7 мыңнан астам адам қатысады. Олардың қатарында өнеркәсіптік кәсіпорындар мен кәсіпкерлік саласының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың 500-ге жуық қызметкері бар. Жұмыс барысына 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылады.

Акцияға қаланың жетекші кәсіпорындары, соның ішінде «СГХК» ЖШС, «АК Алтыналмас» АҚ, «ЕПК Степногорск» АҚ, «Целингормаш» ЖШС, «Astana-Nan» ЖШС, «Астана-Ойл» Мұнай үйі» ЖШС, «Sareco» ЖШС, «Прогресс-Агро» ЖШС және «Солодовый спирт завод» ЖШС атсалысады.

Сондай-ақ, шараға мүлік иелерінің бірлестіктері мен пәтер иелерінің кооперативтері де қатысады. Акция қорытындысы бойынша 3 500 текше метрден астам қоқыс шығару жоспарланып отыр.

2026 жылғы 18 сәуірде Көкшетау қаласында мемлекеттік қызметшілердің, жеке ұйымдар өкілдерінің, студенттердің, еріктілер мен қала тұрғындарының қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтеді.

Іс-шараны өткізу үшін 6 000 қап пен қолғап, 900 бірлік құрал-сайман (күрек пен тырма), сондай-ақ 1,5 тонна әк дайындалды. Сенбілік аясында аумақтарды санитарлық тазарту, жиектастарды сырлау және ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, 300 түп ағаш (алма, қарағаш) отырғызу көзделген. Сарыарқа мөлтек ауданында 800-ге жуық адамның қатысуымен плогинг (қоқыс жинай отырып жүгіру) ұйымдастырылады.

Барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарды қалаларымыздың тазалығы мен жайлылығына өз үлестерін қосуға шақырамыз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар