Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ешкім сырт қалмауы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Ешкім сырт қалмауы тиіс

Қазақстанның азаматтық альянсы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірлесіп ұйымдастырған алқа мәжілісінде қоғамымызда белең алып отырған жемқорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу жайы талқыланды.

Онлайн түрінде өткен мәжіліске жемқорлыққа қарсы күрес саласы бойынша құзырлы органдардың қызметкерлерімен бірге, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және еліміздің барлық аймақтары  қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Алик Шпекбаев жемқорлықпен күрес елімізде қоғамдық сипат алып, оған тек құзырлы органдар ғана емес,  үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар да белсене қатысып жатқандығын айта келе, тамырын тереңге жайған бұл кесапаттың алдын алу үшін жалпы халық болып атсалысу қажеттігін атап өтті.
Жемқорлықпен күреске «Нұр Отан» партиясы белсене қатысуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жылдан жылға белсенді бола түсуде. Әсіресе, мемлекеттік қызмет көрсету мен тендерлерді өткізудің электрондық нұсқаға көшуі жемқорлықтың алдын алуға айтарлықтай ықпалын тигізуде. Қазір Қазақстан электрондық қызмет көрсету көрсеткіші бойынша әлем елдері арасында 33-ші орында екен.  Жемқорлықты ауыздықтауда бірқатар жетістіктеріміз де бар екендігін де айтып өтті агенттік басшысының орынбасары.
«Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жанат Жарасов партия тарапынан осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. «Нұр Отан» партиясының 2015-2020 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы бар. Осы бағдарлама аясында жергілікті жерлерде  мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы партияның аймақтағы филиалдарымен жемқорлықтың алдын алуға қатысты 1157 мәжіліс өткізілген.  Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың айтуынша, кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық  палатасы жемқорлыққа қарсы заңдарды дайындауға белсене қатысады.
Кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен қалалар мен елді мекендердің бас жоспарларын сайтқа салу мәселесі оң шешімін табуда. Бұл елді мекендердегі құрылыс жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз етеді. «Кәсіпкерге айып тағылып, тергеу жұмыстары жүргізілген кездерде ол көп уақытын жоғалтып, табыстан қағылады. Ал, содан кейін жазықсыздығы анықталып, іс тоқтатылады. Бірақ, сол уақытта шеккен шығынын ешкім өтемейді» деген кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл осындай істі қозғаған құзырлы орган қызметкері кәсіпкердің шығынын өз қалтасынан төлеуі қажет деген ұсынысын айтты. Мұндай жағдайда құқық қорғаушы қылмыстық істі ашпас бұрын, кәсіпкердің жазықты немесе жазықсыз екендігін анықтап, нақты көз жеткізіп алатын болады.
Қазақстан кәсіпкерлері федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева бүгінде екі миллионнан астам адамды біріктіріп отырған еліміздегі ірі қоғамдық ұйымның жемқорлықпен күрестен сырт қалмай, мүмкіндігінше қарапайым еңбеккерлердің мүддесін қорғау жолында жұмыс жасап жатқандығын әңгімеледі. Өткен бір жылдың ішінде ғана кәсіподақтар еңбек адамдарының құқығын қорғау тақырыбында мыңнан астам семинарлар өткізген.
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің басшысы Әлия Ғалымова жемқорлықты тыю үшін барлық қоғам бірлесіп әрекет жасауы қажет деген пікірін білдірді. Атқарушы орган халық алдында есепті болуы тиіс, яғни, атқарған жұмыстары жайында жұртшылыққа үнемі есеп беріп отыруы қажет. Осы орайда, үкіметтік емес ұйымдар жемқорлықтың алдын алуға көп көмегін тигізер еді. Құқықтық кеңес беру, адам құқықтарын қорғау сияқты мәселелермен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тапсырыстар және гранттар арқылы қаржыландыру жайы соңғы жылдарда оңтайлы шешіліп келеді.
Қазақстан блогерлері қауымдас-тығының президенті Ғалым Байтық бүгінде билік пен халық арасындағы алтын көпір міндетін атқарып отырған әлеуметтік желілердің жұмысына қатысты ой-толғамдарын ортаға салды. Әлеуметтік желілер арқылы күн сайын дерлік қарапайым адамдардан шағымдар түсіп жатады және бұл жұртшылық тарапынан үлкен пікір туғызады. Бұндай жайға биліктің немқұрайлы қарауы мүмкін болмай қалады. Осы орайда, блогерлер қауымдастығы қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып, жұртшылық тарапынан түсіп жатқан шағымдарды құзырлы органдардың назарына ұсынуда. Атап өтерлігі сол, қоғамдық қабылдау арқылы көтерілген мәселелердің бәрі дерлік оң шешімін табуда. Мәселен, таяуда қала маңынан құзырлы орган қызметкері арқылы алған жер телімдеріне қатысты дауға байланысты 340 адам қол қойған шағымды құзырлы орган қарап, алаяқтың арбауына түскен тұрғындардың жерлерін заңдастыруларына ықпалын тигізді.
Мәжілісте жемқорлықты ауыздықтау, оның алдын алуға қатысты көптеген ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылып, бұның бәрі сөз жүзінде қалмай тиісті өкілетті органдарға жетуін қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылданды.

 

Қалкөз Жүсіп.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар