Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселесі екшелді - АРҚА АЖАРЫ

ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселесі екшелді

Өңір басшысы Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен кеңес барысында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге бағытталған дайындықтың барысы талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, көрменің ашылуына небәрі 73 күн қалды. Облыста 54 пункт-тен тұратын шаралар жоспары жасалған болатын. Туристерді қабылдау үшін облыстың туристік операторлары Щучинск-Бурабай курортты өңірі мен Қорғалжын қорығын қамтитын 30-дан астам бағыттарды топтас-тырып отыр. Қонақтарды қабылдау үшін 100 қонақ үйлер мен отельдер, туристік базалар, 28 санаторлық-курорттық ұйымдар бір мезгілде 12 мыңнан астам орын дайындаған. Сондай-ақ, 86 мейрамхана мен дәмханалар, 420 жол бойындағы қызмет көрсету нысандары әзірленуде. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары Астананы көрме өткізілетін кезеңде азық-түліктің негізгі түрлерімен (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөніс, картоп және басқалары) қамтамасыз ететін болады.
Мәлік  Мырзалин кеңес барысында Ақмола облысы астаналық өңір болғандықтан, халықаралық көрмені ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысулары керектігін атап өтті. Ол көрме шеңберінде өткізілетін шараларды барынша сапалы дайындауды тапсырды. Аудан және қала әкімдеріне, мемлекеттік органдардың жетекшілеріне жоспардағы шараларды жүзеге асыру барысын егжей-тегжейлі талдап, нақты міндеттер жүктеді.
Осы күні өңір басшысы көрме өтетін кезеңде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселелері жөнінде құқық қорғау органдарының және өңірдегі құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті сақтауға жауапты арнайы мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар