Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлескен жұмыс күтіп тұр - АРҚА АЖАРЫ

Бірлескен жұмыс күтіп тұр

Алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Мәлік Мырзалин қатысып, сөз сөйледі.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаттары, департаменттер мен басқармалардың басшылары, аудан, қала әкімдері қатысқан сессияда алғашқы болып облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров аймақтағы экологиялық жағдай туралы баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселенің өте өзекті екендігін атап көрсетті. Былтыр табиғат қорғау шараларына облыстық бюджеттен 221 миллион теңге қаржы бөлініп, оған осы мақсатта пайдаланылатын техника, құрал-жабдықтар сатып алынған, басқа да шаралар атқарылған.
Басқармадағы экологиялық сараптама бөлімі  2800 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсеткен көрінеді. Одан бюджетке 1,7 миллиард теңге қаржы түсіпті. Былтыр 6 су қоймасы  жөндеуден өткізілген. Бірақ, бұл аз. Әлемдік дағдарыстың әсерінен табиғат қорғау шараларына бөлінетін қаржы жыл өткен сайын азайып отырған жайы бар.
Жиналғандарды осы мәселелерден құлағдар еткен баяндамашы одан әрі ауаға таралатын өндірістік қалдықтарға тоқталды. Өткен жылы облыс бойынша 91 мың тонна зиянды заттар ауаға таралған. Оның себеп-салдарларына келсек, Степногорск қаласындағы жылу-электр станциясы сияқты ірі өндіріс орындарынан қоршаған ортаға зиян көп келуде.
Бұдан кейін баяндама бойынша жарыссөзге шыққан Сандықтау оқу-өндірістік шаруашылығының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Ғалымбек Баймышев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Әбілжан Құсайынов аймақта табиғат қорғау саласында біраз жұмыстардың қолға алынып жатқанын атап көрсетіп, кейбір өзекті мәселелерге де назар аударуды ұмытпады.
Келесі кезекте баяндама жасаған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов Елбасы Жолдауында алға қойылған басым бағыттармен байланыстыра отырып, өз саласындағы бүгінгі істің нақты жайы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Соның ішінде, осы бағытта  қабылданған жаңа  заңмен қолға алынып жатқан жұмыстар жайында да айтылмай қоймады. Ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер төндіретін осы бір келеңсіз көріністің біздің облысымыздағы жай-жапсарына келсек, өткен жылы осындай әрекеттерге жол берген 55 мемлекеттік қызметші тиісті жауапкершілікке тартылған. Олардың алтауы парамен ұсталған көрінеді. Бұл әрине, көңіл көншітетін жағдай емес.
Осы орайда, баяндамашы мұндай құқық бұзушылықтардың басым дені Целиноград, Ақкөл, Егіндікөл, Бурабай аудандарының үлесіне келетінін жасырмады. Ал, енді бұл жағдайды барынша азайту үшін не істеу керек? Осы орайда, баяндамашы көпшіліктің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру,  заңды жете түсіндіру тетіктерін алға тартты. Жуырда облыс бойынша «Адал жол – честный путь» марафоны басталды. Ол 9 желтоқсанда мәреге жетпекші. Бұл да жемқорлық көріністерінің неғұрлым азаюы-на сеп болады деген сенім бар.
Осы сессияда қаралуға тиісті тағы басқа да бірқатар мәселелерді депутаттар оның алдында өткен тұрақты комиссиялардың мәжілістерінде талқылап, бір шешімге келген болатын. Сондықтан, сессия үстінде ол мәселелер тек дауысқа салынып, халық қалаулылары тарапынан қолдау білдірілді.
Бұдан кейін облыс әкімі Мәлік Мырзалин
қорытынды сөз алды. Аймақ басшысы алдымен, депутаттар корпусына өзіне көрсеткен зор сенімдері үшін алғысын жеткізіп, мұны ең алдымен Елбасына, оның жүргізіп отырған ішкі және сыртқы салиқалы  саясатына білдірген сенім деп қабылдайтындығын атап көрсетті. Сондай-ақ, өз қызметінде билік тармақтарын әкімдік, мәслихат деп бөлмейтінін, бәрімен де бірге тығыз жұмыс  істейтінін, бұл органдардың жұмысы заңмен нақты айқындалғанын айтты.
–Жуырда облыс активімен өткен кездесуінде Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы, туризм, шағын және орта бизнес салаларын одан әрі дамыту жөнінде облыс алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды. Аймақтың әлеуеті жоғары, сондықтан, біз бәріміз тығыз топтасып, Елбасының Ақмола облысы тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге бағытталған осы тапсырмаларын ойдағыдай орындауға тиіс-
піз, – деді сөзінің қорытындысында облыс әкімі.   
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар