Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бейбітшілік, келісім мен достық – біздің ең басты байлығымыз, барлық жетістіктеріміз бен жаңғыруларымыздың берік негізі.
Дәл осы құндылықтардың арқасында тілі басқа болса да, тілегі бір, жүзі басқа болса да, жүрегі бір әртүрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында үлкен отбасындай тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Өңіріміз де өзінің бай этникалық алуандығымен ерекшеленеді – мұнда жүзден астам этнос өкілдері тұрады. Әрқайсысы өзіндік ерекшелікке ие, алайда барлығымыз бірге біртұтас, ынтымағы жарасқан халықпыз. Қоғамдық келісімді сақтау және нығайту – әрқайсымыздың борышымыз.
Қазақстан әрқашан бірлік пен ынтымақтың символы болып келеді. Жүрегімізде әрдайым Ұлы даланың көпғасырлық тарихына, даңқты өткеніне деген терең құрмет, егемен еліміздің бүгініне деген сенім және Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына деген үміт болуы тиіс.
Осындай мамыражай күнде барша облыс тұрғындарына зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тілеймін!
***
Құрметті ақмолалықтар!
Өңірдің депутаттық корпусының атынан сіздерді ең ізгі мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн ортақ ұлттық бірлігіміздің қуатын, әртүрлі этнос өкілдері арасындағы шынайы өзара құрметті бейнелейді. Олар құтты қазақ жерінде бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді. Халық бірлігі, мәдениеттер сабақтастығы, бір-бірінің дәстүрі мен тарихына құрметпен қарау өңіріміздің де, бүкіл еліміздің де тұрақтылығы мен орнықты дамуының берік негізі.
Бүгінде Қазақстанда 130-ға жуық этнос өкілдері өмір сүріп жатыр, олардың әрқайсысы еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, тұрақтылығы мен өркендеуіне елеулі үлес қосуда. Біз көпұлтты елімізді және ортақ үйімізде тұратын барлық халықтарды біріктіретін сенім, құрмет пен достық ахуалын мақтан тұтамыз.
Бейбітшілік, тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің негізі әрі басты құндылығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының, жүйелі мемлекеттік саясаттың және әрбір азаматтың үлесінің арқасында өзара түсіністік, бейбітшілік пен тату көршілік идеялары одан әрі дамып жатыр. Дәл осы бірлік бізге алға нық қадам басуға және ел игілігі мен болашақ ұрпақ үшін маңызды бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Осы мереке күні, құрметті жерлестер, Сіздерге зор денсаулық, амандық, отбасылық жылылық және жаңа жетістіктер тілеймін! Әр шаңырақта бейбітшілік, келісім мен мейірім орнасын, ал, өңіріміз әрдайым татулықтың, бірліктің және жасампаздықтың үлгісі болып қала берсін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
сурет new.zhalagash-zharshysy.kz сайтынан.
![]()

