- Байқау Ақмола облысының жұмыс істеп тұрған БАҚ журналистері, республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері, штаттан тыс тілшілер арасында өткізіледі.
- Байқаудың ұйымдастырушысы мен үйлестірушісі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы болып табылады.
- Байқаудың мақсаты– облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін жария ету бойынша үздік жұмыстарды анықтау.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
«Мейірімділік миссиясы»
Халықаралық еріктілер жылына арналған номинация. Әлеуметтік мәселелерді шешуге және өзара көмек мәдениетін ілгерілетуге еріктілердің қосқан үлесі туралы мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-танымдық интернет-ресурстарда орналастырылған материалдар топтамасы үшін.
«Үздік талдамалы материал»
Мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-танымдық интернет-ресурстарда орналастырылған материалдар топтамасы үшін. Номинацияда мәселелердің көпжақты талдануы, материалда көрсетілген автор қозғаған мәселелер қорытындыларының өзіндік ерекшелігі мен практикалық қолданылуы бағаланады.
- «Үздік репортаж»
Мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-танымдық интернет-ресурстарда орналастырылған материалдар топтамасы үшін. Номинацияда оқиғаларды жариялаудың сапасы мен объективтілігі бағаланады.
- «Цифрлы белес»
Цифрландыру жылының міндеттерін іске асыруды, экономиканың түрлі салаларында, Ақмола облысының мемлекеттік органдарының қызметінде IT технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу, қолдану және дамыту сұрақтары туралы мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-танымдық интернет-ресурста жарияланған үздік материалдар үшін.
Номинацияда тақырыптың ұсынылу сапасы мен ашылуы, жаңалығы мен өзектілігі бағаланады.
- «Үздік аудандық баспа басылымы»
Өтінімді бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі немесе бас редактор береді.
Өтінімге уәкілетті органда басылымды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және PowerPoint немесе PDF форматында жобаларды, айдарларды, авторларды және өзге де мәліметтерді, оқиғаларды, сондай-ақ басылымның екі нөмірінің PDF форматындағы сканерленген нұсқасын немесе электрондық нұсқаға белсенді сілтемені қоса бере отырып, басылым қызметін сипаттайтын маңызды фактілерді көрсете отырып, 12 беттен аспайтын презентация қоса беріледі.
Номинацияда тақырыптар мен бағыттардың ашылуы, тақырыптар мен оқиғалардың сапалы қамтылуы, сондай-ақ басылымның кезеңділігі бағаланады.
- «Үздік бейнетүсірілім»
Өтінімге телеарнада шыққан бейнематериалдар және эфирлік анықтама қоса ұсынылады. Теледидар мазмұнын бейнематериалдарды құрудың сапалы тәсіліне назар аударылады.
«Үздік теледидарлық бағдарлама»
Өтінімге құрамында жарнамалық материалдар мен тайм-кодтар жоқ бейнематериалдар және эфирлік анықтама қоса ұсынылады. Теледидар контентін жасаудың сапалы тәсіліне; өндірістің әр кезеңінің кәсіби деңгейіне; ТВ өнімінің көркемдік және қоғамдық құндылығына назар аударылады.
- «Жанайдар Мусин атындағы номинация»
Мерзімді баспасөз басылымында, теледидарда, ақпараттық-танымдық интернет-ресурста жарияланған облыстың әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін ақпараттық жария еткен материалдар топтамасы үшін.
Номинацияда тақырыптың ұсынылу сапасы мен ашылуы, жаңалығы мен өзектілігі бағаланады.
- «Әділетті Қазақстанның бастамалары: Адалдық, Тәртіп, Тазалық»
Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын арттыру сұрақтарына арналған материалдар топтамасы үшін.
Ақмола облысында Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын іске асыруды, «Адал азамат» тұжырымдамасын танымал етуді, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуді, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қазіргі қоғам мен өңірді дамытудың іргелі негіздері ретінде үздік ақпараттық қолдау үшін.
- «Үздік подкаст»
Өтінімге жоба туралы ақпарат (подкаст) PowerPoint немесе PDF форматында 10 беттен аспайтын, жобаның атауы, авторлар, жүргізушілер, шығармашылық топ және өзге де мәліметтердің, эфир сілтемесімен қоса жобаның өзін сипаттайтын оқиғалар мен маңызды фактілер көрсетіле отырып қоса беріледі.
- Байқауға журналистердің 2025 жылғы 15 маусымнан бастап 2026 жылғы 13 маусымға дейінгі кезеңде жарияланған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі баспа БАҚ-тағы авторлық жұмыстары, бейнесюжеттер, телебағдарламалар, электрондық БАҚ-тағы материалдар қабылданады.
- Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
— ұсынылатын материалдардың тізбесі көрсетілген қатысуға толтырылған өтінім;
— рәсімделген байқау жұмысы;
— жұмыс орнынан анықтама;
— жеке куәліктің көшірмесі;
— журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат.
Байқауға аудиовизуалды жұмыстар интернет-сайтта орналастырылғанын растай отырып, эфирлік анықтамалармен сүйемелдене флеш-тасымалдағыштарда қабылданады.
Баспа жұмыстары газет немесе өзге де жарияланымдары (көшірмелері) бар альбом немесе файлдары бар папка түрінде ұсынылуы тиіс (материалдың атауын, баспаға шығу нөмірін және күнін, радио немесе телеэфирді көрсете отырып). Ақпараттық агенттіктердегі материалдар — интернеттегі материалдарды орналастыру мекен-жайына сілтеме жасай отырып, материалдың электрондық нұсқаларын жариялау түрінде.
- Өтінімдер мен байқау жұмыстары ішкі саясат басқармасына 2026 жылғы 13 маусымға дейін ұсынылады (Сәтпаев к-сі, 250-кабинет, тел 72-20-05, 40-12-07).
- Байқауға қатысуға өтінім байқаудың атауы мен жіберушінің байланыстары көрсетіле отырып, қолма-қол немесе пошта арқылы жабық конвертте беріледі.
- Байқау жұмыстары рецензияланбайды және қайтарылмайды.
- Байқауға бір номинацияда кемінде 5 жұмыс ұсынады.
- Алдыңғы байқаулардың жеңімпаздары сол номинацияға қатысуға құқығы жоқ.
- Байқауға қатысушы бірнеше номинацияларға қатыса алады.Әрбір номинация үшін құжаттардың жеке тізбесі мен өтінім қалыптастырылады.
- Өткізу тәртібі және қорытындылау:
1) Байқау материалдарын қарастыру және номинацияларды беру үшін байқау комиссиясы құрылады.
2) Комиссия мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері, журналистика ардагерлері және т.б. болып табылады.
3) Байқау қорытындыларын комиссия қарастырып, бекітеді. Номинацияны беру туралы шешім байқау комиссияның отырысында көпшіліктің дауыстарымен, комиссия құрамының 2/3 бөлігінен кем емес болған жағдайда қабылданады және хаттамамен рәсімделеді.
4) Нақты номинация бойынша жеңімпаздарға лайықты үміткерлердің болмауы жағдайында комиссия қаражатты басқа номинацияларға немесе ынталандыру сыйлықақыларына берілуі туралы шешімді қабылдауға құқылы.
5) Комиссия мүшелері байқауға қатыспайды.
6) Байқаудың соңғы қорытындысы 2026 жылғы маусымның үшінші онкүндігінде шығарылады және ішкі саясат басқармасының сайтында орналастырылады.
7) Байқау комиссиясы байқауда қосымша номинациялар құруға құқылы.
8) Байқаудың 10 жеңімпазына 300 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табыс етіледі. Төлем шілде айында жүргізіледі.
9) Байқау ұйымдастырушыларымен 200 000 теңге сомасына сертификаттарды тапсырумен қосымша 10 ынталандыру номинациясы қарастырылған. Төлем шілде айында жүргізіледі.
10) Жеңімпаздарды марапаттау бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған облыстық іс-шарада өтеді.
Облыстық «Арқа төрі — Ақмола» конкурсының Ережесіне қосымша
«Арқа төрі — Ақмола» облыстық конкурсқа қатысуға өтінім
- Қатысушының Т.А.Ә. ____________________________________________________________
- Қатысушының лауазымы, жұмыс орны (БАҚ атауы)
________________________________________________________________________________________________________________________
- Өтінім беру номинациясының атауы ________________________________________________________________________________________________________________________
- Материалдардың атауы
________________________________________________________________________________________________________________
____________
- Байланыс деректері
(тел. нөмірі, эл. мекен — жайы) ________________________________________________________________________________________________________________________ - Өтінім берілген күн ____________________________________
- Қатысушының қолы____________________________________
![]()

