Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке батылдық пен ерліктің, шынайы патриотизм мен Отанға деген шексіз адалдықтың айқын көрінісі болып табылады. Біз өз әскери борышын абыроймен атқарып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайту жолында еліміздің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген азаматтардың барлығына шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Бүгінгі таңда Отанға қызмет ету – бұл асқан қайраттылықты, төзімділік пен кәсібилікті талап ететін зор жауапкершілік пен биік мәртебе. Еліміздің егемендігі мен азаматтардың бейбіт өмірін қорғау өзін осы игі іске арнаған әрбір жанның қасиетті борышы.

Ақмола облысының түрлі күштік құрылымдарында, атап айтқанда, Қарулы Күштерде, құқық қорғау органдарында, төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғау бөлімшелерінде мыңдаған жерлестеріміз күн сайын тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етіп келеді. Олардың өз істеріне деген адалдығы, батылдығы мен төзімділігі мемлекетіміздің беріктігі мен қуаттылығының негізі.

Біз бүгінде еңбегі, қаһармандығы мен борышына адалдығы жас ұрпаққа ұдайы үлгі болатын ардагерлеріміз бен қазіргі әскери қызметшілерімізді мақтан тұтамыз.

Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік пен ертеңгі күнге деген нық сенім тілеймін! Шаңырақтарыңызда әрдайым келісім мен жылылық салтанат құрып, еліміз қуатты әрі гүлденген мемлекетке айнала берсін!

***

Қадірлі ақмолалықтар!

Облыстық мәслихаттың депутаттық корпусының атынан Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке батыр бабаларымыздан бастау алған Отанға адал қызмет етудің озық дәстүрлерінің сабақтастығын және оны абыроймен жалғастырып келе жатқан бүгінгі қорғаушылар буынын айшықтайды.

Ежелден Отан алдындағы әскери борышты өтеу әр азаматтың қасиетті парызы саналып, әрбір жанның елге, оның тәуелсіздігіне және халқына деген жауапкершілігін арттырумен келеді. Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қасиетті міндетін абыроймен атқарып, ерлік пен төзімділіктің, антына адалдықтың жарқын үлгісін көрсетуде.

Жоғары жауапкершілікпен және жанқиярлықпен, Отанды, оның азаматтары мен ұлттық мүдделерін қорғауға әрдайым дайын болумен тығыз байланысты әскери қызмет қашанда ең құрметті әрі мәртебелі мамандықтардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын арттыруға және әскери қызметшілерге жан-жақты қолдау көрсетуге айрықша көңіл бөлінуде.

Осы мереке күні ел қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім, амандық және ел игілігі жолында толағай табыстар тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар