Анықтаудың жолы: мониторинг пен талдау

Білім сапасы

Өңіріміздегі білім беру жүйесінің сапасын арттыру бойынша маңызды міндеттерді Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің облыстық департаменті жүзеге асыруда.

Бүгінде білім берудің сапасы мемлекеттің зияткерлік әлеуетін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің бірі.

Департамент жұмысы білім беру ұйымдарының сапалы жүйесін қалыптастырып, заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау болып саналады. Соның бір мысалы – мемлекеттік аттестаттау жұмыстары. Сондай-ақ, лицензиялау мен сол лицензияларға өзгерістерді енгізу де департамент құзыретіне жатады. Аталған міндеттердің бәрі де оқу орындарының заң аясында жұмыс істеуі мен оқу бағдарламаларының жетілдірілуіне ықпал етеді.

Тұрақты бақылау жұмыстары аясында білім беру ұйымдарының мемлекеттік стандарттарға сәйкестігі тексеріледі. Егер қандай да бір бұзушылықтар анықталса, тиісті шаралар қабылданып, оқыту қызметі нәтижелеріне жүйелі талдау жасалады. Мониторинг қорытындылары білім беру саласында тиімді шешімдер қабылдауға негіз болады.

Бұдан бөлек, департамент білім беру ұйымдарының қызметіне сыртқы бағалау жүргізеді. Бұл жұмыс барысында оқу-тәрбие үрдісі, педагог кадрлардың кәсіби деңгейі, басқару жүйесі мен материалдық-техникалық база кешенді түрде талданады. Талдау нәтижелері бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар қалыптастырылады.

Педагогтердің кәсіби дамуына да ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бағытта түрлі семинарлар, тренингтер мен әдістемелік кеңестер өткізіледі. Осы арқылы мұғалімдердің біліктілігін арттырып, заманауи білім беру технологияларын меңгеруіне жағдай жасалады. Бұл, өз кезегінде, оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, департамент құзыретіне құжаттарды апостильдеу жұмысы да кіреді. Бұл процедура білім туралы құжаттардың шетелде танылуын қамтамасыз етеді. Құжаттарды заңдастыру азаматтарға шетелдік оқу орындарында білімін жалғастыруға және елден тыс жерлерде кәсіби қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ақмола облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өңірдегі білім беру жүйесінің тұрақты дамуы мен сапалы білім беру мәселелерін шешеді. Оның қызметі тек бақылау мен бағалаумен шектелмейді, сонымен қатар, білім беру кеңістігін жаңғыртуға, инновациялық тәсілдерді енгізуге және педагогикалық қоғамдастықты қолдауға бағытталған. Бұл балаларымыздың сапалы білім алуын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.

Жанар ҚАБДЫРАХМАНОВА,
Ақмола облысының білім беру саласында
сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы.

сурет www.gov.kz сайтынан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар