Таяуда Ақтау қаласында гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадаға қатысқан Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Әлібек Арыстанбеков Қазақстан тарихы пәнінен 1 орынға ие болып, облыс намысын абыроймен қорғай білді.
Бұрын-соңды мұндай нәтижеге аудан көлемінде ешбір оқушы қол жеткізе алмаған. Әрине, оқушының үздіктер қатарынан табылуына білім шыңына жетелеген ұстазы, тарих пәнінің мұғалімі, жас маман Оразбек Серәліұлының еңбегі мол екені даусыз. Аталмыш білім додасына аса бір ыждаһаттылықпен дайындалған Әлібек ұстазының үмітін ақтады.
Білікті басшы Ғалия Махамбетова басқаратын мектеп ұжымының мерейін асқақтатқан Әлібектің алар асуы әлі алда.
Талғат ЖАҢАБЕРГЕНҰЛЫ,
аудандық әдістемелік
орталықтың меңгерушісі.
Аршалы ауданы.