Ақпараттық хабарлама

2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы тағайындалуына байланысты Ақмола облыстық  «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінің редакциялары үгіт материалдары үшін баспа алаңын ұсынады.

Материалдар электрондық тасымалдағышта ұсынылады. Үгіт материалдары олардың түсу тәртібіне және «АА» және «АП»-мен жасалған шарттарда белгіленген күндерге сәйкес ақысы 100 пайыз алдын ала төленгеннен кейін жарияланады.

Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды. Газеттердің баспа нұсқаларында жарияланған барлық материалдар басылымдардың интернет-сайттарында қайталанады.

Үгіт материалдарын орналастыру құны:

– Бірінші және соңғы толық түсті беттерде 1 шаршы сантиметрдің бағасы  – 900 теңге;

– Екінші, үшінші қара-ақ беттерде 1 шаршы сантиметрдің бағасы  – 700 теңге;

– «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттеріндегі ауданы 100 шаршы сантиметр модуль: ҚҚС есебімен бірінші және соңғы толық түсті беттерде – 90 000 теңге, ҚҚС есебімен екінші, үшінші қара-ақ беттерде – 70 000 теңге.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар