Көкшетауда триатлоннан Қазақстан Республикасының кезекті чемпионаты өтті.
Жарысқа еліміздің алты өңірінен 100-ге жуық спортшы қатысты. Ал, Ақмола облысының намысын 32 спортшы қорғады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин қатысып, ізгі тілектерін жеткізді. Жарыс қорытындысы бойынша өңіріміздің 12 триатлоншысы жарыс жеңімпазымен жүлдегер атанып, соның ішінде Аян Бейсенбаев, Арлан Жанабай, Александр Суховольский, Полина Степченко және Сафия Қайырбекова чемпиондық атақты жеңіп алды.
Осы күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысатын үміткерлер арасында көш бастаған Аян Бейсенбаевқа Қазақстан триатлон федерациясы арнайы сыйлық ретінде жоғары деңгейлі кәсіби велосипед тапсырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
![]()

