Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихи мүмкіндіктің бірі - АРҚА АЖАРЫ

Тарихи мүмкіндіктің бірі

Еліміздің дамып, әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылуы үшін саяси реформалар мен экономикалық жаңғыруларға зор мән берілуде.

 

Бұл бағытта біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Елбасы өзінің «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласында осы бағытта бірқатар ауқымды істер атқарылған, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандардың жаңғыртылғанын айтты.
Расында да күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды. Бүгінгі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
Мемлекет басшысы өз мақаласында болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалатынын, сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керектігін айтты. Мәселен, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.
Осы орайда, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» және «Мәдени және конфессияаралық келісім» тәрізді бағдарламалар – ұлтымызды, яғни, барлық қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Тек өткен ғасырдың ортасында миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Көп замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану болуы тиіс.
Елбасы өз мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Сондай-ақ, бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына назар аудартатын «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жасау айтылды. Сөйтіп, екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы өз болашағын баянды ете түсудің тағы бір теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр.

Төкен ҚИЗАЕВА,
Шортанды аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар