Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пасха – жарқын мейрам - АРҚА АЖАРЫ

Пасха – жарқын мейрам

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді шын жүрегімнен жарқын да ізгі Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Биыл православ және католик сеніміндегілердің Пасха мерекесі бір күнге сәйкес келіп отыр. Пасха салтанаты бүгінгі таңда да біздің назарымызды  халқымыздың бірлігінің негізі болып табылатын рухани құндылықтар мен көпғасырлық салт-дәстүрлерімізге аудартады.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық сана-сезімнің әртүрлі қырларын бірге тоғыстыруға, мәдени және конфессионалдық келісімге, ұлттық бәсекелікке қабілеттілікке, ұлттық код пен бірегейлікті сақтауға негізделген рухани жаңғыру саяси және экономикалық қайта құрулардың өзегіне айналуы тиіс деп атап көрсетті. Әрбір қазақстандықтың бойынан табылуға тиісті, ХХІ ғасырға лайықты осындай қасиеттер жиынтығымен ғана біз «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген ортақ игіліктерге қол жеткізе аламыз.  
Бiздiң ел ешкiмдi ұлттық белгiсiне қарап бөлмей, әр ұлт пен халықтың тiлi мен әдет-ғұрпын құрметтей және сыйлай отырып, әлем қауымдастығына нағыз достық пен бiрлiктi өнеге ете бiлдi. Біз Пасханы да, Наурыз бен Рождествоны, Құрбан айтты да бірге тойлап келеміз.
Бүгінде барлық конфессия өкілдері өздерінің көпғасырлық дәстүрлерін жалғастырып, адамдарға өз сенімдерін нығайтуға көмектесумен, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, отбасы институтын нығайтуға, ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынасты үйлестіруге белсене қатысумен келеді.
Құрметті жерлестер!
Біздің әрқайсымыздың парызымыз – әлемдегі бейбітшілік пен рухани келісімді нығайтуға қолдан келгенше үлес қосу. Біз өз күшімізді біріктіру арқылы ғана Ақмола облысының әрі қарай дамуына, маңызды жос-парларымызды жүзеге асыруға жағдай жасай аламыз.
Осы жарқын мерекеде сіздерге игілік, жақсылық пен өзара түсіністік тілеймін. Сіздердің баршаңыз үшін Пасха күндері жарқын істеріңіз, әрбір қамкөңіл жанды жұбатып, қолдай білген сөздеріңіз бен көңілдеріңіз,  мейірімдеріңіз бен таза да бай жан-дүниелеріңіз арқылы ерекше бір салтанатқа ұласып, ізгілік сыйлайтын болсын!
Мәлік Мырзалин,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

Қадірлі ақмолалықтар!
Барлық православ христиандарын үлкен мереке – Пасхамен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке рухани жаңару, өмір салтанаты мен жоғары танымдық мұратты білдіреді.  
Көпұлтты Қазақстанда тәуелсіздік жылдары ішінде түрлі дінге сенушілер арасында өзара сыйластық үрдісі қалыптасты. Қазақстандықтар Құрбан айт, Рождество, Пасха және тағы басқа ұлы мерекелерді  бірге қарсы алады. Бұл қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған Президентіміз – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында мүмкін болды.  
Жарқын мереке  қазақстандық қоғамда өзара түсіністік, ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал ететін болады деп сенемін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасында амандық және бақыт тілеймін!
Дулат Нұрмолдин,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар