Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов:
Қосшы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың жобасы!
Біз Қосшыны Қазақстанның ең бір көрікті әрі тұрғындарына жайлы заманауи қала етуге тиістіміз!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 шілдедегі 2021 жылғы Жарлығымен Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Қосшы ауылына қала мәртебесі берілген болатын. Сөз жоқ, елімізде Қосшы сияқты аса жоғары қарқынмен өсіп, өркендеп келе жатқан қаланың бүгінгі келбеті Қазақстанның бүгіні мен болашағының кемел екендігін айшықтай түсері бар!
ҚОСШЫ! ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАНА БЕРСІН!

Сөйтіп, Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Қосшы ауылының қала мәртебесіне ие болғанына бес жыл!
Біздің ой айтады: қазіргі уақытта елімізде Қосшы сияқты аса жоғары қарқынмен өсіп, өркендеп келе жатқан қаланың бүгінгі келбеті Қазақстанның бүгіні мен болашағының кемел екендігін айшықтай түсері бар!
«Бұл шешім, ең алдымен, Қосшы тұрғындарының өмірін жеңілдету мақсатында қабылданды. Олар тұрмыстық мәселелерімен облыс орталығы Көкшетауға баруға мәжбүр болады. Оған көп уақыт, күш жұмсайды. Әрине, бұл тұрғындардың жүйкесін жұқартады. Сондықтан, қаланың әкімшілік мәртебесін өзгертетін осындай шешім қабылданды. Мен мұны дұрыс шешім деп есептеймін!» деп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына (27 шілде, 2025 жыл.) жасаған жұмыс сапары барысында айтқаны «МЕН АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫҢ ЕРТЕҢ ЕМЕС, БҮГІН БАҚЫТТЫ ӨМІР СҮРГЕНІН ҚАЛАЙМЫН!» деген («Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы», Қазақстан халқына Жолдауынан, 16 наурыз, 2022 жыл.) адал ниетімен ұштасып жатқаны бар.
Қазіргі уақытта және Қосшының қала мәртебесіне ие болған бес жылдың ауқымындағы дамуына қатысты бар игілікті шаралар, яғни, Қосшы қаласының даму барысы арқылы тұтас еліміздің дамуындағы жаңа бір сапалы серпілісті айқын танытқандай еді.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың осы Қосшы қаласына зор ықыласы түсіп тұрғаны анық. Жұмыс аптасының жай күндерін былай қойып, демалыс күндері демей Қосшыда болып, жас қаланың өзекті әрі халқы талап етіп отырған мәселелерді шешудің қамымен жүргені әрдайым. Тіпті, ел арасында «осы Қосшыдан өзге проблема жоқ па?» деген пікірлер де жоқ емес, бар.
«Қосшы-Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жобасы! Біз Қосшыны Қазақстанның ең бір көрікті әрі тұрғындарына жайлы замануи қала етуге тиістіміз», – дегенді әр сапарында, әр кеңестерінде айтудан бір жалықпайтын Марат Ахметжановтың Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді абыроймен және ойдағыдай етіп орындап келе жатқаны бар!
Осыдан бес жыл бұрын қала мәртебесіне ие болған Қосшыда шешілмей жатқан әлеуметтік мәселелердің көп болғаны соншалықты, естігенде жаның түршігіп, шошынатың едің.
Әсіресе, тұрғын үй… және де жеке адамдар қаржысын салып, ақыр аяғында не қаржыларын қайтарып ала алмай, не пәтер ала алмай, көз жастарын мөлтілдетіп, кейде жан ашуымен айқайға басып, іргедегі Астанаға қарай жаяу шұбырған наразылықтар да болып жатқан-ды.
Бұған себеп те бар еді! Он бір жыл бұрын, яғни, 2013 жылы 110 отбасы пәтер алу үшін өз қаржыларын салғандарымен, ақыр соңында не ақша жоқ, не пәтер жоқ әуре-сарсаңға түскен еді.
Былтыр, иа, былтыр… 2026 жылдың 26 шілдесі күні Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 11 (он бір) жыл бойы бітпей тұрған 110 пәтердің кілтттерін өз қолымен салтанатты жағдайда тапсырған болатын. Қосшылықтардың осы бір қуанышты сәттеріне біз де қатысып, куә бодық. Қуаныштарын да көрдік, көз жастарын да көрдік!
Әлі есімізде және жазбасы да сақтаулы мына бір қуанышты сәттегі бір ауыз сөзді қайра жаңғыртқанды жөн көрдік. «Сіз халықтың нағыз жанашыр әкімісіз» деп Қосшы қаласының тұрғыны Гүлнәр Мермұқанова қолына өз пәтерінің кілтін алып тұрып, Марат Мұратұлына шынайы ризашылығын білдіріп, көз жасына ерік беріп еді.
Осы бір қаршадай әйел жыласа жылағандай, қуанса қуанғандай еді! Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қолынан өз пәтерінің кілтін алып тұрған Гүлнәр Мермұқанованың көз жасын да, қуанышын да, облыс басшысына деген жүрек жарды алғысын да түсінуге болар еді.
Бұл пәтердің кілті осы үйге 2013 жылы қаржыларын салғандардың 110 отбасына 11 жыл өтіп барып, енді тиіп отырған болатын.
Он бір жылдан соң барып! Тағы да қайталап айтар болсақ, 2013 жылдан бері 110 отбасының әуре-сарсаңға түскен жағдайлары болды.
– Біздің 2014 жылдан бері бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Үлкен бір үмітпен құрылыс ұйымына қаржымызды берген едік. Алайда, ол құрылыс ұйымы жауапсыз болып шықты. Алдап кетті. Құрылыс жүрмей тұрып қалды. Үлескерлер жиналып, шағымдандық. Қатты қиналдық. Кейде үмітіміз үзілген, салымыз суға кеткен кездеріміз де болды, – деп Гүлнәр Мермұхамедова өзінің шынайы қуанышын жасыра алмады. – Сәтін салып, бір күні облыс әкімі Марат Ахметжановтың алдында болып, осы мәселемізді айтып едік, ол кісі көп ұзамай Қосшыға келіп, үлескерлермен кездесіп, мән-жайды толық зерделеп барып, «маған бір кішкене уақыт беріңіздер, тұрғын үйдің құрылысын жалғастырамыз, пәтерсіз қалмайсыздар» деп көңіліміздегі күдікті сейілтіп еді. Шынын айтқанда әуелде бұл да бір бізді шығарып салудың сөзі шығар деп ойлағанбыз. Жоқ, олай болмады. Тоғыз айдың… білесіз бе тоғыз айдың ішінде мына тұрғын үй құрылысы аяқталыып, жан-жағы барлығы абаттандырылып, міне, қолымызға кілттері тиіп отыр! Енді басымызда үйіміз бар! Рахмет Сізге, Марат Мұратұлы! Сіз халықтың нағыз жанашыр әкімісіз!
Қарапайым адамның айтқаны бұл! Адал сөз! 11 жыл бітпей тұрғын үй құрылысы 9 айда бітті! Әкімге жұрт неге риза болмасқа! «Сіз халықтың нағыз жанашыр әкімісіз» деп Ахметжанотың бағасын неге асырмасқа?!
– Қазіргі қуаныштарыңызды, көңіл-күйлеріңізді түсініп тұрмын! Ұзақ күткен қуаныштарыңыз құтты болсын! Біз Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқымыздың тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі күнбе күн қойып отырған тапсырмасын орындауға міндеттіміз, – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов жүз он қосшылықтардың жаңа пәтерлерінің кілттерін тапсыруға арналған салтанатта. – Қосшы қаласының дамуы мен өркендеуі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұдайы назарында тұрған мәселе. Өйткені, Қосшы – Президентіміздің жобасы! Құрылысы он бір жылға созылып кеткен тұрғын үйдің құрылысын аяқтай отырып, біз өңірдегі «сақалды» құрылыстар мәселесін шешуде бір қадам алға бастық. Енді алдағы уақытта «Diamond Park» тұрғын-үй кешенін салуды аяқтаймыз. Мына тұрғын үй алабын «Ынтымақ» деп атауды ұсынамын. Бұл үлкен сөз. Халқымызда «бақ қайда барасың, дегенде, ынтымағы бар жерге барамын, дәулет сен қай жерге барасың дегенде, мен де ынтымағы бар жерге барамын» деген түсінік бар.
Әкімнің бұл ұсынысын қосшылықтар қуана қабыл алған-ды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 14 наурызда Бурабайдағы Ұлттық құрылтайында сөйлеген сөзінде «Қазақстанда театр өнеріне қызығушылық артып келеді. Зал көрерменге толы, қойылымдардың премьерасына билеттер екі-үш апта бұрын сатылып кетеді. Сахна өнеріне құштар жандардың арасында жастардың көп болуы көңілге ерекше қуаныш ұялатады. Әсіресе, аймақтарда театрларды салуға және дамытуға баса назар аудару керекә деген болса, бір сапарында облыс әкімі Марат Ахметжанов «Қосшыға театр да керек-ау» дегені бар еді. Қосшы қаласының қоғамдық мәдени-спорт кешенінде «Qosshy» ойын-сауық театры өз шымылдығын тұңғыш рет ашып, жұмыс істеуде.
Бұл жолы күні кеше (26 шілде 2025 жыл) Қосшы қаласында өз шымылдығын тұңғыш рет ашқан «Qosshy» ойын-сауық театры қосшылықтардың жүрек қалауымен ашылған театр болды!
«Qosshy» ойын-сауық театры өзінің тұңғыш премьерсын жазушы — драматург Бақытбек Қадырдың «+ ҚАЛА» атты лирикалық комедиясын қоюшы-режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың қойылымымен ашты.
Өз алдына қала болғанына небары бес-ақ жыл болған бүгінгі Қосшы қаласы Қазақстандағы ұлттық өнеріміз бен мен мәдениетімізді дамытудың жаңа да тың бастамаларымен алдыңғы қатарға шығып, сүйсіндіріп келеді. Атағы мен даңқы Қазақ еліне түгел жайылды десе де болғандай!
Бәрін тізбелеп жатпай-ақ, (25 шілде, 2025 ) Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай 307 жұп – 614 адам композитордың әуеніне вальс билеп, «GLOBAL BOOK OF RECORDS» өкілі бұл шараны аса ірі жетістік ретінде ресми түрде тіркеп, рекорд сертификатын табыстағандығын айта отырып, Қосшы қаласында өнер мен мәдениеттің шоқтығының биік екендігін аңғаруға болар еді.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қала күн сайын өсіп, кеңейіп келеді. Бізге тек тұрғын үй салу ғана емес, мәдени өмірді де қатар дамыту маңызды. Жақын арада 450 орындық Мәдениет үйінің құрылысы басталады. Қосшыға театр да керек-ау!», – дегенді қуана айтты.
***
Сол жолы (26 шілде, 2025 жыл) «+ ҚАЛА» лирикалық драмасында актерлердің «Алдағы уақытта Қосшыға аэропорт та салынады, ЛРТ-да жүретін болады» деген тәтті бір үмітті көңілдерінен шыққан лебіздері баршамыздың көңілдерімізді асқатата сала бергені де есімізде әлі!
Қосшылық өнер иелерінің ақ жүректерінің тілектері мен дуалы ауыздарынан шыққан осы бір ауыз ниет сөздері қабыл болып, Қосшыға «LRT» тартыла бастады.
Бұл үлкен жол! Бұл халқымыздың үміті мен сенімін болашаққа алып баратын қасиетті жол!
Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
қоғам және мемлекет қайраткері,
I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, Ақмола облысының құрметті азаматы.
![]()

