Мемлекеттік тіл – энергетиктердің күнделікті қолданысында

Игі бастама

«Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орталық базасы өз қызметкерлері үшін қазақ тілі курстарын бастады.

Компания қызметкерлеріне арнайы шақырылған педагог Милана Әшімбек аптасына екі рет сабақ өткізетін болады. Оқу бағдарламасы интерактивті тәсілдерге негізделіп, қатысушылардың мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасауына және грамматикалық білімдерін нығайтуына мүмкіндік береді.

Алғашқы сынақ сабағынан кейін педагог қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалап, соның нәтижесінде бастауыш деңгейдегі және жалғастырушы топ болып, екі топ құрылды.

Курстар компанияның бас директоры Досымхан Аралбаевтың бастамасымен ұйымдастырылды. Ол мемлекеттік тілдің тек іс жүргізу саласында ғана емес, энергетиктердің күнделікті қызметінде де кеңінен қолданылуына ерекше көңіл бөлуде.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында компания өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға арналған «Ой зерек» атты квиз-шоуын сәтті өткізген болатын.

«Көкшетау Энерго»  ЖШС-нің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар