Негізгі күн тәртібін талқылауға көшпес бұрын ҚР Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, сондай-ақ, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының аймақтардағы қазіргі су тасқыны жағдайы бойынша, сонымен қатар, төтенше жағдайларға жол бермеу шаралары жайлы баяндамаларын тыңдады.
Бақытжан Сағынтаев қазіргі кезде еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында қар жылдам еріп жатқанын атап өтті, соған байланысты су қоймаларында су деңгейі күрт көтеріліп, елді мекендер мен жолдар су астында қалып жатыр.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі әкімдіктер мен жауапты мемлекеттік органдарға төтенше жағдайларға жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.
primeminister.kz.