Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көмек қолын созайық! - АРҚА АЖАРЫ

Көмек қолын созайық!

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Бүгінгі таңда облыста орын алған су тасқыны тұрғындарға ауыр зардап әкелді: үйлер су астында қалды, көптеген адамдар  мал-мүлкінен айырылды.
Біз, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімізге қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
Осы мақсатта Ассамблея жанынан су тасқынынан зардап шеккен Ақмола облысы тұрғындарына ақшалай көмек көрсету үшін арнайы есепшот ашылып, комиссия құрылды.
Зардап шеккендерге көмек көрсетемін деген барлық азаматтар қаржыны Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық ұйымының есепшотына аудара алады. Сонымен қатар, мына мекен-жайларда азық-түлік пен киім-кешек  қабылдайтын пункттер ашылды:
– «Қоғамдық келісім» КММ (Достық үйі, Горький көшесі), тел. 72-28-58 (қаржы аудару мәселесі бойынша) және 33-54-64 (қабылдау пункті);  
– «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы (Әуелбеков көшесі, 117, 1 қабат, 2 бөлме,) тел. 72-23-15.
Реквизиттер:

KZ77998JTB0000364839/ KZT
БИН: 110840001138
Банк: «Цеснабанк» АҚ Ақмола облыстық          филиалы
Оның реквизиттері: БИК TSESKZKA
Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Горький          көшесі 29б, 020000
Банктің БИН: 050641004464
КБЕ 18
КНП 119

 

 

* * *
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы «Бәрімізге ортақ қайғы» акциясын жариялап, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек үшін қажетті киім-кешек пен азық-түлік, басқа да заттарды жинайтын қоғамдық штаб құрды. Мұндай штабтар партияның аумақтық органдарында да құрылуда. Оларды партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары басқарады.
Облыстық штаб «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 117 үйде орналасқан. Штаб басшысы партия филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржанов, байланыс телефондары: 72-23-15, 40-22-32, 8777-799-96-06.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

* * *
Ақмола облысының үкіметтік емес секторы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау науқанына белсене қосылуда. Азық-түлік тағамдары мен киім-кешектерді қабылдау пункттері мына мекен-жайлар бойынша ұйымдастырылды:
– Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы – Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 116а («Мир» дене шынықтыру-сауықтыру кешені), телефон: 8-747-159-77-99 және Краснояр ауылы М.Мәметова көшесі, 5/1, телефон: 40-52-12, 8-778-319-92-71;
– «Шаңырақ» қоғамдық қоры – Көкшетау қаласы, Момышұлы көшесі, 41, 1 қабат, 100 бөлме, телефон: 40-20-40, 8-747-198-51-82.

 

 

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында +7(7162) 502-675 «Жедел желі» телефоны жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Апаттар медицина орталығы филиалының қызметкерлері мен департаменттің жедел-құтқару жасағы Атбасар ауданында тұрғындарға медициналық және психологиялық көмек көрсетуде. Қызметкерлер 66 үйде болып, 20-ға тарта адамға қол ұшын берді және екі адамды қауіпсіз жерге көшірді.
8-18 сәуір аралығында департаментке су тасқыны жағдайы бойынша 32, анықтама алу үшін 53, зардап шеккендерге психологиялық және материалдық  көмек көрсету бойынша 2, барлығы 87 қоңырау келіп түсті.

Ақмола облысы төтенше
жағдайлар департаменті.

 

 

Атбасар ауданының кәсіпкерлері су тасқынынан зардап шеккен өз жерлестеріне алғашқылардың бірі болып көмекке келді.

 

Атбасар электровоз жөндеу зауытының «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы, «Аждар және К» өндірістік кооперативі, «Атбасар сервис», «Нан абыройы», барлығын есептегенде  20 кәсіпорын тұрғындарды көшіруге адамдар мен техника күшін бөлді.
15 шаруа қожалығы мен агроқұрылым 300 мың теңгенің көлемінде ақшалай көмек берді. Атбасар қаласының 60-тан астам сауда орындары зардап шегушілерге азық-түлік өнімдерін жөнелтті.
Аймақтық кәсіпкерлер палатасы жергілікті филиалының директоры Роза Тасмағамбетованың айтуынша, іскер әйелдердің аудандық кеңесі және басқа ұйымдар да азық-түлікпен, киім-кешекпен қол ұшын беруде. Қазір зардап шегушілерге қаржы жинап жатқан аймақтық палата да бұл істен шет қалмауда.

Аймақтық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар