Көшең тұрсын жарқырап…

Ауданда елді мекендерді абаттандыру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасын табуда.

Бұл ретте, көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңғырту және инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.

Аудан орталығы Державинск қаласының кіре берісінде облыстық маңызы бар Державинск-Қима автомобиль жолы бойында көшені автономды жарықтандыру жүйесі пайдалануға берілді. Жоба аясында күннің көзі панельдерімен жабдықталған 42 темір тірек орнатылып, аталған учаскені сапалы жарықтандыру қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, қаланың Ишимская көшесінде көше жарығын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаның жалпы құны – 7,8 миллион теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы айдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Осындай абаттандыру жұмыстары ауданның ауылдық елді мекендерінде де жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тассуат, Гастелло, Пятигор, Львов, Бірсуат, Достық, Зерноград, Далабай, Пригородное, Отрадное және Шойындыкөл ауылдарында көше жарықтары орнатылды.

Аудан орталығының сәулеттік келбетін жаңарту мақсатында осы жұмыстармен бір мезгілде көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін сырлау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды алдағы қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар