Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қала жасара түсті - АРҚА АЖАРЫ

Қала жасара түсті

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласы мен оның іргесіндегі Краснояр селосында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысып, көшелердің санитарлық тазалығына, көгалдандырылуы мен көркейтілуіне назар аударды.

Өңір басшысы алдымен, облыс орталығының бас көшелерінің бірімен жүріп өтіп, сенбілікке шыққан қала тұрғындарының іс-қимылына назар аударды. «Көкшетау» мәдениет сарайының іргесіндегі балалардың ойын алаңын аралап көрді. Алаңды үнемі су алатын көрінеді. Сондықтан, облыс әкімі басшыларға бұл жерді тәртіпке келтіруді тапсырды. Қала әкімі Ермек Маржықпаев өз сөзінде жалпықалалық сенбілікке он мыңнан астам көкшетаулықтар шыққанын атап өтті.
– Қаланы 218 шағын учаскеге бөлдік. Бұл учаскелерге әртүрлі меншік түріндегі екі жүз он сегіз ұйым бекітілген. Сенбілік барлық көшелерде, бақтар мен скверлерде өтуде. Жетпістен астам арнайы техника қала сыртына қоқыс шығарумен айналысуда, – деді қала әкімі өз сөзінде. Облыс әкімі сенбілікке қатысушылармен әңгімелескен кезінде облыс орталығының көрікті, таза болуы қала тұрғындарының өздеріне байланысты екенін атап көрсетті.
– Мемлекет басшысы өткен жұма күні Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық мәселелеріне арналған кеңесте тек қана елорданың абаттандырылуына емес, облыстардағы әкімшілік орталықтарының санитарлық тазалығына да назар аударды. Көкшетау – өңіріміздің бас қаласы. Сондықтан, әрқайсымыз оның тазалығы, әдемілігі үшін қолдан келген үлесімізді аянбауымыз керек,– деген аймақ басшысы одан әрі қала көшелерінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бармашино шағын ауданында «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының еңбеккерлері қоқыс үйінділерін жүк автокөліктерімен сыртқа шығарып жатқанын көрдік.  Краснояр селосына дейін «Алтынтау-Көкшетау» серіктестігінің үш жүз елу еңбеккері де осындай жұмыстарымен тыңғылықты айналысуда. Бұл жұмыстарға алты арнайы техника тартылыпты.
Сондай-ақ, облыс басшысы Краснояр селосында болғанында Шағалалы өзеніндегі еріген суды Қопа көліне дейін апатсыз өткізу шараларының қалай ұйымдастырылғанына назар аударды. Осындағы «Көкше» мәдениет үйінде көрермен залын жаңарту керектігіне көңіл бөлді. Селода бұрынғы «Салтанат» дүкенінің қираған ғимараты үңірейіп бос тұр. Село сәнін бұзып тұрған бұл ғимарат мәселесін де тезірек шешу керек. Орталық көшеде №3 қазақ орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары сенбілікке белсене қатысып жатқаны байқалды. Облыс әкімі жұмыс сапарының соңында «Оқжетпес» футбол клубында болып, кепілдікке қойылған ғимаратты қайтару және біріншілік ойындарын Көкшетауда өткізу мәселелерін қарастырды. 22 сәуірдегі жалпықалалық сенбілікте он мыңға жуық ағаш түптері әктеліп,  қала сыртына 1450 текше метр қоқыс шығарылды, 36 қоқыс үйіндісі жойылып,1700 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

 

Рамазан Тілеуов.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар