Жақсы ауданындағы «Сударушки» өз таңдауын жасады

Бүгін Жақсы ауданындағы тұрғындарды маңызды қоғамдық оқиға біріктірді. Құрылтай депутаттарының сайлауында азаматтар өздерінің дауыс беру құқығын пайдаланып, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіру үшін сайлау учаскелеріне келді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Дауыс беру күні Жақсы ауданының Подорное ауылындағы №456 сайлау учаскесіне «Сударушки» вокалдық тобының мүшелері ұйымдасқан түрде келіп, өз таңдауларын жасады.

«Сударушки» шығармашылық ұжымы үшін сайлауға қатысу – қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі. Өнер иелері елдегі маңызды оқиғалардан шет қалмай, өз үлгісі арқылы азаматтық белсенділіктің әр адамның жеке қатысуынан басталатынын көрсетіп келеді.

«Сударушки» вокалдық тобы аудан тұрғындарына шығармашылық қызметімен жақсы таныс. Ұжым мәдени іс-шараларға, мерекелік концерттерге және қоғамдық бастамаларға белсенді қатысып келеді. Өнер арқылы олар мәдени дәстүрлерді сақтауға, туған өлкенің рухани өмірін дамытуға және тұрғындарды ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіруге үлес қосуда.

Бүгін шығармашылық ұжым мүшелері сахнадан тыс жерде де өз азаматтық белсенділігін танытып, сайлауға қатысты.

Сайлау күні тағы бір маңызды ойды еске салды: ел болашағы әр азаматтың қатысуынан қалыптасады. Жасына, кәсібіне немесе тұрғылықты жеріне қарамастан, әр адамның дауысы – ортақ таңдау үдерісінің бір бөлігі.

Дереккөз: aqmolacom.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар