«Аула Fest» – ауыл тұрғындарын біріктірген мерекелік алаң

Софиевка ауылында әр буын өкілдерін бір ортаға жинаған «Аула Fest» мерекелік шарасы өтті. Жәрмеңке, ән мен күй, шығармашылық қойылымдар және түрлі көңіл көтеру бағдарламалары ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Шараның басты ерекшелігі – аға буын мен жастардың бірге бас қосуы болды. Тұрғындар өзара әңгімелесіп, тәжірибе бөлісіп, мерекелік бағдарламаны бірге тамашалады. Осындай басқосулар ауыл тұрғындарының арасындағы байланысты нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруға ықпал етеді.

«Аула Fest» аясындағы жәрмеңкеде жергілікті өнімдер ұсынылып, тұрғындар өздеріне қажетті тауарларды сатып алды. Ал өнерпаздардың әні мен әуезді музыкасы мерекелік көңіл күйді одан әрі жандандыра түсті.

«Бүгін ауылымызда ерекше атмосфера қалыптасты. Әсіресе жастар мен аға буынның бірге уақыт өткізіп, еркін әңгімелескені қуантады. Осындай шаралар адамдарды жақындастырып, ауылдың береке-бірлігін арттыра түседі», – деді шараға қатысушылардың бірі.

Мерекелік шара еліміз үшін маңызды қоғамдық оқиғамен тұспа-тұс келді. Бүгін Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Ауыл тұрғындары мерекелік шараға қатысумен қатар, сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды.

«Аула Fest» ауыл өміріндегі жақсы дәстүрлердің жалғасын көрсетіп, тұрғындарды ортақ қуанышқа біріктірді. Ал сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам.

Әр адамның таңдауы маңызды. Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар